Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылғы бюджетте доллар курсы 330 теңге деп есептелді

2017 жылғы бюджетте доллар курсы 330 теңге деп есептелді

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылдың бюджетіндегі доллар курсы 360 теңгеден 330 теңгеге өзгерді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Келесі жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының аясында өзгертілген.

"ЖІӨ өсімі мен 2016 жылдағы экономика салаларының дамуына байланысты болжам өзгерді, доллар курсы 360-тан 330-ға дейін ауысты. Қазіргі әлемдік сауда нарығындағы тенденциялар бойынша мұнай бағасы 35 доллардан 50 долларға көбейген", - деді министр.

Оның сөзінше, 2017 жылы номиналды ЖІӨ 49,7 трлн теңге көлемінде болады деп болжанып отыр. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 391,5 долларды құрайды.

"Өндіріс 3%-ға ұлғаяды. Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, қара алтын өндірісі 2017 жылы 81 млн тоннаға дейін көбейеді (2016 жылдың тамызындағы көрсеткіштен 1,5 млн теңге артық)", - деп түсіндірді Сүлейменов. Ал инфляция дәлізі осыған дейінгідей 6-8% деңгейінде қалған. 2017 жылы трансфертті есептемегенде республикалық бюджеттің табысы 4,8 трлн теңге деп жоспарланды, осыған дейінгімен салыстырғанда 553,7 млрд теңгеге артық.

Қосымша антидағдарыстық шара ретінде Ұлттық қордан бөлінетін мақсатты трансферт 1,09 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге артты. Бюджет тапшылығы 969,8 млрд теңгеден 1,5 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 3,1%-ы) көбейтілді.

"Осы факторларға байланысты 2017 жылы республикалық бюджет шығындары 11,1 трлн теңге деп белгіленді, осыған дейінгі көлеммен салыстырғанда 2,6 трлн теңгеге артық", - деді министр.

Похожие материалы