Экономика
Қазақстанда инвестиция тарту бойынша жаңа мемлекеттік орган құрылады
Жақын арада Қазақстанда мемлекетке инвестиция тарту бойынша жаңа мемлекеттік орган құрылады. Бұл туралы мәжіліс отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Президент тапсырмасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Нақты қандай орган болатынын әзірге білмеймін. Қызмет органы инвестиция тарту ісімен айналысады», - деп түсіндірді вице-премьер.
Б.Сағынтаевтың сөзінше, үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыған қатысты мәселені көтеріп, үкіметтің атқарған істеріне және дипломатиялық орталықтың жұмысына сын айтқан.
«Бұл Инвестиция және даму министрлігі аясында қалады немесе жаңа ведомства болады. Біз қазір барлық нұсқаларды қарап жатырмыз», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-премьер премьер-министрдің аталған органды акционерлік қоғам немесе мемлекеттік орган түріндегі агенттік ретінде құру туралы ұсыныстарды да қарауды тапсырғанын айтты.
Оның айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда аталған органмен қоса халықаралық инвестициялық банктер мен консалтингтік топтарды тартатын инвестициялық штаб құру жоспарланып отыр.
Фото: nurotan.kz