Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей 3 тоннаға жуық қазақстандық алтынды сатып алады

Ресей 3 тоннаға жуық қазақстандық алтынды сатып алады

2015 жылдың соңына дейін Қазақстанда 28 тоннаға жуық тазартылған алтын өндіріледі. Оның 10%-ы (3 тонна) Ресейге тасымалданады. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында мәлімдеді.

«Биыл біз 27-28 тонна тазартылған алтын аламыз», - деді  ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жобасын таныстырған Ә.Исекешев.

Сондай-ақ, өндірілген алтынның шамамен 10% Ресейге шығарылады.

Министрдің сөзінше, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Ресейге алтын экспорттайтын компанияларға қатысты, Қазақстанда бағалы металды өңдеу бойынша міндеттемелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Фото: profi-forex.org

Похожие материалы