Экономика
Экономиканың өндірістік секторы үшін 10 "зәкірлі инвестор" тартылады
Қазақстан экономиканың өндірістік секторына кем дегенде 10 инвестор тартпақ. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми БАҚ-та жарияланған "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға жол" атты мақаласында жазылған.
"Ұлт жоспарының экономикалық бөліміне қосылған шаралар ел экономикасының өндірістік секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорация тартуды көздейді. Өндіріс, энергетика саласындағы отандық компаниялардың 3 тобы "зәкірлі инвесторлармен" бірігіп, ортақ кәсіпорын құру жұмыстарын бастайды",- деп жазылған мақалада.
Бірінші топ- қайта инвестициялауды қажет ететін кәсіпорындар. Екінші топ - трансұлттық компаниялармен (ТҰК) тиімді жұмыс істеуі тиіс кәсіпорындар. Және үшінші топ -"зәкірлі инвесторларға" арналған бәсекеге қабілеттілігі жоғары кәсіпорындар. "Қазір 26-дан астам ТҰК-мен келіссөздер жүргізіліп, олардың бірнешеуімен нақты келісімдер жасалды",-деп атап өтеді президент.
Фото:kapital.kz