Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін өтемақы екі транш арқылы төленеді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін өтемақы екі транш арқылы төленеді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҚЖБ) салымшылары үшін өтемақы екі транш арқылы төленеді. Өтемақының жалпы сомасы 60,9 млрд теңге. Бұл 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Төлемдер 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында екі транш арқылы жүзеге асырылып, өтемақы төленеді. Өтемақылардың жалпы көлемі немесе бар сомаға пайыздық қатынаста 35,5% құрайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, өткен жылдың соңында Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қабылданған салымшыларға өтемақы төлеу бойынша  шешім  «Бәйтерек» ұлттық холдингімен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» бірге және Үкімет аясында қарастырылып жатыр.

"Өтемақының жалпы көлемі 60,9 млрд теңгені құрайды, олардың ішінде 24 млрд теңге 2016-2017 жылдары ТҚЖБ табысы арқылы төленеді деп күтілуде. Ал қалған 36,9 млрд теңге үкімет резервінен биыл және келесі жылы түспек", - деді ол.

Фото: alau.kz

Похожие материалы