Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бразилияда Facebook-тың топ-менеджері ұсталды

Бразилияда Facebook-тың топ-менеджері ұсталды

Латын Америкасындағы Facebook-тың вице-президенті  Диего Дзоданды Бразилияның полициясы қамауға алды, деп хабарлайды ВВС.

Оған сот шешімдерін орындамады деген айып тағылып отыр. Себебі, компания есірткі саудасына байланысты істерді тергеуге керек деректерді полицияға беруден бас тартқан.

Facebook мұндай шараны радикалды және Диего Дзоданның іс-әрекетіне сай емес деп таныды.

Бразилиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік өкілдеріне Facebook емес, оған тиесілі танымал әлеуметтік желі  WhatsApp-тың деректері қажет. Олардың айтуынша, бұл мессенжер есірткі саудасы туралы ақпарат алмасу үшін қолданылған.

Төрт ай бұрын сот компаниядан WhatsApp-ты пайдаланатын екі адамның аттарын жария етуді сұрады. Ал Facebook-тың бас тартуы күнделікті айыппұлға әкелді, деп хабарлады O Globo порталы.

«Facebook компаниясы бразилиялық билік тарапынан туындауы мүмкін кез келген сұрақтарға дайын», - делінген әлеуметтік желі өкілдерінің хабарламасында.

Желтоқсан айында Бразилия соты WhatsApp жұмысын 48 сағатқа тоқтатты.

Похожие материалы