Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бүгін – Ұстаздар күні

Бүгін – Ұстаздар күні

Суретте, білікті басшы, тәжірибелі ұстаз, №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Бұлбұл Расбекқызы шәкірттерімен

Бүгін Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Ұстаздар күні атап өтілуде. 

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні 2023 жылға дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді.  2023 жылы ҚР Үкіметі Қаулы қабылдап, мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен Мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды. Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.

7kun.kz редакциясы барша Ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтайды. 

Ұқсас материалдар