Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын жетілдіру бойынша кеңес өткізді

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын жетілдіру бойынша кеңес өткізді

Астана. 24 желтоқсан. 7kun.kz - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп жазады pm.kz сайты. 

Кеңес барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуімен әзірленген және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» тізіміндегі Қазақстан позициясын жақсартуға бағытталған жаңа заң шығару бастамаларының пакеті қарастырылды. Еске салайық, 2016 жылғы 25 қазанда жарияланған «Doing Business» рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылғымен салыстырғанда өз рейтингісін 16 орынға жоғарылатып, 35 орынды иеленді және Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) секілді ЭЫДҰ елдерінен жоғары орынға шықты. Сондай-ақ Астана қаласының инфрақұрылымдық дамуы мәселелері талқыланды. ғимараттар жұмысы, нөсер ағындылары, жылу магистральдары, сондай-ақ елорданың туристік тартымдылығы мәселелері қарастырылды. Кеңесте Мемлекет басшысының Астананы дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Похожие материалы