Қалай ойлайсыз? Адамдар мен машиналар арасындағы алғашқы соғыс қалай басталады? Оған куә болғыңыз келсе, Астанадағы гараж кооперативтерін аралап көрсеңіз болады. Әрине, бұл метафора.
Бірақ Астананың қақ ортасында осыған қатысты үлкен дау өріс алып келе жатыр. Оның себебі «Южный» мен «Рассвет» деп аталатын (4000 көлік сиятын) гараж коопреативтерінің қазіргі ахуалы.
Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, уақыт өте келе жоғарыда айтылған екі кооперативтен де түк қалмайды. Қазірдің өзінде бұл жер 8 бөлікке бөлінген. Оның жартысына тұрғын үй кешені салынса, қалған аумағында мектеп пен мемлекетке қажетті құрылыс бой көтереді.
Қағаз жүзінде жоспар тамаша. Бірақ Астананың құрылу тарихында қазіргі мыңдаған адамның проблемасы жазыла қоймасы анық. Себебі гараждар сүрілмей жатып-ақ, олар мүліктерінен айырылып қалулары мүмкін. Тіпті, өтемақы да ала алмай қаламыз ба деп қорқады. Ал жағдай реттелгенше гараждарды белгісіз біреулер тонап жатыр.
2008 жылдан бері кооперативтер электр жарығынсыз, әрі қараусыз қалған. Ал оған дейін «Инкада» атты құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салу үшін кооператив аумағын қоршауға алған. Дәл сол уақытта компанияның басқармасында өрт шығып, барлық құжаттар жанып кетеді. Ал күзет орналасқан орталық ғимарат толықтай сүріледі. Осылайша бұл жағдай кооперативтің "соңғы" күндерінің басы болды.
Сол аумақта өрши бастаған қылмыстық оқиғалардың әсерінен көлік иелері мүліктерін гаражда қалдырмауға мәжбүр болған. Кооператив уақыт өте келе түнде «өмір сүретін» жұмбақ жандардың билігіне көшкен. Осылайша есігі сынып, ашық қалған гараждар күн сайын көбейе береді.
Қазіргі таңда «Южный» кооператиінің аумағы биіктігі 5 метр қоршаулармен қоршалған. Тура «13-аудан» фильмін елестетеді. Тек ішінде тұрғындары жоқ.
2017 жылдың наурыз айынан бастап ұрлық өрши түскен. Бұл уақыт аралығында полицияға 68 меншік иесі арыз жазған.
Нәтижесінде 2 адам ұсталған. Олар 20 рет тонадық деп мойындап отыр дейді астаналық ІІД баспасөз қызметі.
Гараж иелері екі қолын бос қойып, қарап отырған жоқ. Олар кезектесіп мүлкін күзетуге де дайын. Бірақ полиция өкілдері болмаса, оларды ұстау да қолдан келмейді. Ал құқық қорғаушылар «бүгін менің мүлкімді тонайды-ау» деген арызды қабылдамайды.
Соған қарамастан, кооператив мүшелері салын суға кетірмей, мүлкін қорғауға барын салып жатыр. Егер сіздің осы кооперативке қатысыңыз болса, бастамашы топтың әкімшісімен хабарлассаңыз болады.
Наталья Гресь +7 707 849 16 17.
Автор: Сергей Моисеев