"Жеті ай бойы бар күшіммен қызмет еттім. Жасалған жұмыстардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталып өтейін. Біз туризм саласын дамытуды Модернизация 3.0 бағдарламасындағы алты басымдықтың қатарына енгізе алдық. Бұл енді туризмнің басты проблемалары ең жоғары деңгейде қаралатын болады дегенді білдіреді. 2016 жылдың соңында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі іске қосылған еді. 2017 жылдың жаңа жыл күндері қазақстандықтарды БАӘ-нен шығару барысында бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеп берді", - деген Марат Игали.
Сонымен бірге, ол 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Иран өзара топтық туристік саяхаттарды жеңілдеті туралы келісімге қол қойғанын; 2017 жылдың қаңтарынан бастап ҚР СІМ-мен ЭСДҰ (Экономикалық серіктестік және даму ұйымы - ред.) елдері арасында визасыз режим орнатылды. Бұл ұйымға кіретін мемлекеттер экономикалық жағынан дамыған және саяси тұрақты елдер болып саналады.
Марат Игали 2016 жыл қыркүйектің 23-нен бері ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры болып істеді.
2017 жыл қаңтардың 25-інде ҚР Президенті "Қазақстан Рсепубликасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" бұйрыққа қол қойған еді. Бұл құжатта Инвестиция және даму министрлігі бұдан кейін экспортқа жауапты болатыны, ал туризм саласындағы өкілеттілік Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтыны туралы жызлған.