Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Алматыда 21 мамырда The Spirit of Tengri музыкалық этнофестивалі аяқталды. Фестиваль ашық аспан астында Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтті.
Фестивальде Алматы қаласының Бауыржан Байбек сөз сөйледі. Ол The Spirit of Tengri фестивалінің ұлттық масштабтағы мәдени брендке айналғанын айтты.
"The Spirit of Tengrі бесінші заманауи этникалық музыка фестивалінде өздеріңізбен жүхдесіп тұрғаныма қуаныштымын. Бұл фествальдің Алматыдан бастау алғаны қуантады. Қаншама ғасырлар бойы Алматы қандай мәдени орталық болса, қазір де мәдениеттерді үйлестіруші, мыңдаған жылдық тарихы бар еркін шығармашылық алаңы болып отыр. Біз әрдайым ұлы даланың ұлы мәдениетін ұлықтаушы ұрпақ болып қала береміз. Сол секілді The Spirit of Tengri фестивалі де ұлттық масштабтағы мәдени бренд. Одан бөлек бұл жоба Еуразиядағы ең маңызды жобалардың бірі", - деді қала әкімі.
Фестивальде түрлі ұлттардың ұлттық музыкалары шырқалды оның ішінде ЮНЕСКО-ның қорғауына енген әндер де бар. Мысалы, Тенгриньс порталының жазуынша, Литвалық Marga Muzika тобы қонақтарға тосынсый жасап, сахнаға тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобының мүшесін шақырып, бірге ән орындаған. Marga Muzika тобының репертуарында әртүрлі әндер бар және литван, латыш, белорус, поляк, тыва және көптеген басқа тілдерде де орындалады. Литвалық команда 10 тректен тұратын жаңа бағдарламасын орындады. Онда музыканттар халық аспаптары мен заманауи аспаптарда қатар ойнайды.
Бұдан кейін фестивальдің екінші күнінде өнер көрсеткен Жапониялық Oki Dub Ainu Band тобы дыбысы қазақ халқының домбырасы мен жетігеніне ұқсас аспапта ойнап, көрермендердің қошаметіне бөленді.
The Spirit of Tengri фестивалі — мультимәдениетті жоба. Ол әлем елдеріндегі дәстүрлі әуендердің қазақ жерінде шырқалуына себеп болып отыр. Фестивалге төрт жыл ішінде әлемнің 30-дан астам елінен қатысушылар келген. Фестивальді ұйымдастырушы Tengri FM ұлттық радиостанциясы.
Фестивальдің бас серіктесі — Kaspi.kz. Ал Фестивальге техникалық қолдау көрсететін — KZ Sound компаниясы.