Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«7-20-25» бағдарламасы: 56 млрд теңге қарыз берілді

«7-20-25» бағдарламасы: 56 млрд теңге қарыз берілді

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың басында ипотекалық тұрғын үй қарыздарының көлемі бір жылда 202 млрд теңгеге ұлғайып, 1,3 трлн теңге болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев айтып берді.    

Ол 2018 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі ипотекалық кредиттеуді жандандыру үшін айтарлықтай жұмыс жүргізгенін еске салды. «Өткен жылдың ортасына таман «7-20-25» бағдарламасының талаптары бекітілді, Парламент депутаттарының қолдауымен ипотекалық нарықты дамытуға кедергі келтірген заңнамалық кедергілер жойылды, оператор – «Баспана» ИҰ құрылды. «7-20-25» бағдарламасын іске қосу 2018 жылғы шілдеде орын алды. Аздаған кезеңге қарамастан, қабылданған шаралар отандық ипотекалық кредиттеу нарығының жай-күйіне оң әсер еткені анық», - деді Д. Сәлімбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі  банк секторының несие портфелінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарының үлесі бір жылда 8,3%-дан 9,7%-ға дейін ұлғайды.

«ІЖӨ-де ипотекалық портфельдің үлесі 2018 жылы 2,1%-дан 2,3%-ға дейін ұлғайды. 2018 жылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру көлемі бір жылда  47%-ға немесе 168 млрд теңгеге ұлғайып, 525 млрд теңгені құрады. Берудің жалпы көлемі 69%-ын немесе 360 млрд теңгені ҚТЖБ қарыздары және 31%-ын немесе 165 млрд теңгені басқа банктердің қарыздары құрады. Банктердің ипотекалық қарыздар беру көлемі бір жылда 2,5 есеге көбейгенін атап өткен маңызды», - деп хабарлады Д. Сәлімбаев.

Ол осылайша, «7-20-25» бағдарламасын және тиісті шаралар кешенін іске қосу  ипотекалық нарықтың ахуалын айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік бергенін, оның арқасында мыңдаған азаматтар меншікті баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болғанын қоса айтты.

«Жалпы алғанда Бағдарлама жақсы серпінді көрсетіп отыр. 2019 жылғы 6 наурыздағы жағдай бойынша 70 млрд теңге сомаға 5 983 өтінім мақұлданды, 56 млрд теңгеге 4 700 қарыз берілді», - деп түсіндірді Д. Сәлімбаев.

Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасының дамуын тежейтін негізгі фактор ел бойынша, әсіресе өңірлерде байқалатын бастапқы тұрғын үйдің жетіспеуі болып табылады.

«2019 жылға шамамен 16 мың пәтер қажет. Әкімдіктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй ұсыныстарын арттырады деп үміттенеміз. Ол үшін біз тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктерін қарастырдық – «Баспана» ИҰ әкімдіктердің муниципалдық облигацияларын сатып ала отырып, «револьверлік» қағидат бойынша қаржыландыру үшін 150 млрд теңге бөлуге дайын. Бұл мүмкіндікті Шымкент қаласының әкімдігі пайдаланды, ол 10 млрд теңге тартты», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

Д. Сәлімбаев 2018 жылғы желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған немесе жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді сату қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін де атап өтті. Енді «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй «7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алуға тең дәрежеде қолжетімді.

«Бұл шара бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін бастапқы тұрғын үй көлемін арттыруға да мүмкіндік береді», - деді сөзін қорыта келе Д. Сәлімбаев.

Похожие материалы