Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дауыс беру технологияларының күңгірт жағы

Дауыс беру технологияларының күңгірт жағы

Америка Құрама Штаттарында, өткен жылдың қараша айындағы президент сайлауы алдында жүргізілген, жарияланбаған «ас үстелі сауалнамасы» бойынша, негізі латынамерикалық болған Американың ең ірі кәсіподақ мүшелерінің шамамен 95%-ы республикашыл Дональд Трампқа қарағанда, Демократиялық партиядан болған үміткер Хиллари Клинтонды қолдаған. Дегенмен, бұл кәсіподақ мүшелерінің тек 3%-ы ғана нақты дауыс бермек болған. Бар себебі экономикаға келіп тіреледі.

Сауалнамада қатыстқан адамдардың көпшілігі үшін, дауыс беруге кеткен шығындар - жұмыстан сұранып кеткені үшін төленбейтін жалақы, сайлау учаскелеріне көлікпен жету және жүргізуші куәлігі немесе паспорт сияқты тиісті құжаттың болуы - тым жоғары болды. Бұл жағдай АҚШ-тағы кеңірек үрдісті көрсетеді: кедей американдықтар елінің демократиялық шараларында жиі толық қатыса алмай жатады.

Ал АҚШ-тың халық санағы жөніндегі бюросы бойынша, 2012 жылғы президенттік сайлауға жылына табатын табысы 20,000 доллардан кем отбасылардағы ересектер санының жартысы ғана, ал табысы $ 75,000 астам үй шаруашылықтарының 77%-ы қатысты. Demos талдау орталығы 2014 жылғы аралық сайлауда, табатын табысы жылына $ 30,000 кем болған отбасылардағы адамдардың 68,5%-ы дауыс берген жоқ деп хабарлайды.

Бұл күрделі мәселе болып табылады. Бірақ көбінесе ұсынылатын шешу жолдарының елеулі кемшіліктері де бар.

Ұсынылған шешімдерде әдетте сандық технологияларға бас назар аударылады, себебі көпшілік олар арқылы дауыс беру шығындарын төмендете отырып, сайлаушылардың қатысу пайызын арттыруға болады деп санайды. Мысалы, ұялы бағдарламалар сайлаушылардың келу мен қатынасуын арттыратын құрал ретінде жарнамаланады: адамдар өздеріне ыңғайлы уақытта, жұмыстағы демалыс бөлмесінде немесе өз үйінде дауыс бере алады.

Идея, сөзсіз, тартымды және қызық болып көрінеді. Дауыс беруде технологияларды пайдалану бойынша көшбасшы болып саналатын Эстонияда 2011 жылы, парламенттік сайлауда жиналған барлық дауыстың шамамен төрттен бірі онлайн жіберілген еді.

Дегенмен, сайлаушылардың қатысуына осындай технологияның нақты әсері күмәнді болып қалуда. Эстонияда онлайн дауыс беру үлесі 2007 және 2011 жылдардағы сайлаулар арасында шамамен 20% -ға өскенімен, жалпы сайлаушылардың қатысуы тек екі пайыздық тармаққа ғана өсті (61,9% -дан 63,5% -ға дейін). Бұл онлайн дауыс беру, тұрақты түрде қатысатын сайлаушыларды дауыс беру жолын өзгертуге ынталандыру мүмкін, бірақ сайлауға қатысатын адамдар санының артуына көмектеспейтінін көрсетеді.

Бірақ дауыс беру технологиясы тиімсіз ғана бола тұрмай, ол тіпті зиянды да болуы мүмкін. Мұндай технология сайлаушылар үшін ғана емес, мемлекет үшін шығындарды азайтып, сайлауды өткізу бұрынғыдан да оңай болады. Осындай төмен шығындар сайлаулар мен референдумдарды жиі өткізуге апарып, осылайша үкіметтің басқару тиімділігіне нұқсан келтіруі де мүмкін.

Баяулаған жаһандық экономикалық өсу мен көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі нашарлаған уақытта, тиімді мемлекеттік басқару өте маңызды мәселе болып тұр. АҚШ-тағы Millennium Challenge Corporation айтуынша, неғұрлым тиімді мемлекеттік басқару білім беру және денсаулық сақтауды жақсартып, кедейлікті азайтуға, экологияның нашарлауын тоқтатуға, және сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектеседі.

Тиімді мемлекеттік басқарудың басты ерекшелігі ұзақ мерзімді, яғни перспективалық ойлау жолы болып табылады. Саясаткерлер өздерінің сайлануына әсер еткен мақсаттар бағытында жұмыс істеу қажет. Бірақ олар, сондай-ақ, бұл мақсаттарға жету мерзімін өзгертуіне апарса да, жаңа жағдайларға бейімделу үшін жеткілікті саяси кеңістік берілуі ​​тиіс.

Тұрақты сайлаулар мен референдумдар жағдайына бұлай жасау мүмкін емес. Оның орнына, саясаткерлердің қысқа мерзімде, тез, сайлаушыларға ұнайтын нәтижелерге қол жеткізуі тиіс- олай жасамаса, олар сайлауда қатты жазаланатын болады. Бұл ең алдымен, саяси конъюнктураның сәл өзгерісінде жоспарлардың мүлдем өзгеруі мен болжамсыздыққа апарады. Сонымен қатар, бұл саяси сенімнен арылтып және нарық тұрақтылығын жояды, және мұндай құбылмалылық сайланған саясаткерлер мен мемлекеттік қызметтегі білімдарлар арасында егесуді тудыртады, ал өз кезегінде, бұл топтар арасындағы қарым-қатынас тиімді, болжамдық, және факттерге негізделген шешім қабылдау үшін аса маңызды болып табылады.

Референдум жақтастары оны қарапайым азаматтарға нақты саяси шешімдер бойынша тікелей өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін, демократияның ен жоғары көрінісі деп атап жатады. Бірақ, өкілі демократияда референдумдар азаматтардың атынан саяси шешімдер жасауға сайланған саяси басшылар мен сайлаушылар арасындағы қарым-қатынасты бұзады.

Ең қорқыныштысы, Батыста референдумдарды жиі өткізу әдетке айналуда, ал олардың салдары зор болып жатыр. Ұлыбритания өзінің бүкіл тарихында үш рет ғана референдум өткізді; бірақ соның екеуі соңғы алты жылда орын алды (және Шотландияда біреуі болды). Франсуа Фийон, Франциядағы президенттікке үміткер, сайлауда жеңіске жетсе екі референдум өткізуге уәде етті және Францияға тағы бес референдум қажет екенін айтып өтті.

Сайлаулар да тым жиі орын алып жатыр. G20 елдерінің саяси көшбасшыларының биліктегі орташа уақыты рекордтық төмен деңгей - 3,7 жылға түсті, ал ол 1946 жылы алты жыл болған. Бұл, сөзсіз, үкіметтердің қысқа мерзімді ойлауға көшуінің өсуіне өз үлесін қосуда.

Бұл дауыс беру технологиясы, шын мәнінде, көбірек сайлаушылардың қатысуына апаратыны әлі анық емес. Егер бұл технология кеңінен қабылданатын болса, ол мемлекеттік саясатқа зиян келтіретін үрдістерді ушықтырады, экономикалық өсуіге ықпал ететін және әлеуметтік нәтижелерді жақсартатын үкіметтің қабілетіне де нұқсан келеді.

Кедей азаматтардың демократиялық қатысуы үшін кедергілерді азайту қадірлі мақсат болып табылады. Бірақ оны іске асыруда сол азаматтардың мүдделеріне зиян келтірілсе, одан не пайда болмақ?

Автор туралы: Дамбиса Мойо, экономист және жазушы, бірқатар жаһандық корпорациялардың директорлар кеңесінің мүшесі.

 

Похожие материалы