Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда доллардың ең жоғарғы курсы 324 теңгеге жетті

Алматыда доллардың ең жоғарғы курсы 324 теңгеге жетті

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 20 маусымдағы доллардың орташа бағамы 322,0 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 321,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 322,49 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 185 млн 850 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 151.

Ақша айырбастау орындарында 20 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.50) Алматыда 324 теңгені құраған.

Похожие материалы