Экономика
Авто
Kaspi клиенттеріне басқа банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу жеңілдей түсті

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Kaspi клиенттеріне басқа банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу жеңілдей түсті.
Kaspi клиенттері бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және тәулігіне 500 мың теңгеге дейін АТФ банк, ЦентрКредит банкі мен Цесна банктің банкоматтарынан қолма-қол ақша ала-алады.
Бұған дейін Kaspi, Forte, Сбербанк және Еуразиялық банк арасында осынша көлемде қаржы алуға мүмкіндік беретін келісім жасалған еді.
Енді Kaspi клиенттеріне Қазақстан бойынша 4 000 банкоматтан қолма-қол ақша алудың біріңғай лимиті бар.