Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвестицияларды қаржыландырудағы несиелердің үлесі 20 пайыздан аспайды - Ақышев

Инвестицияларды қаржыландырудағы несиелердің үлесі 20 пайыздан аспайды - Ақышев

Алматы. 4 мамыр. 7ku.z - Кәсіпорындардың ағымдағы қызметіне қаржыландырудың негізгі көзі әрдайым несие емес, кәсіпорынның өз қаражаты болды. Сондай-ақ, бұл ағымдағы кезеңнің проблемасы емес, экономикалық дамудың жүйелік сипаты. 2000 жылдың басынан бері Ұлттық банк мониторинг жүргізіп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігі.

Ол банктік несиелер кәсіпорындардың инвестициялық қызметінде маңызды рөл атқармайтынын атап өтті. Инвестицияларды қаржыландырудағы несиелердің үлесі дәстүрлі түрде 20%-дан аспайды.

«Кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландырудың негізгі көзі өз қаражаты болып қалады. Кәсіпорындардың 80%-дан астамы айналым капиталын толықтыру үшін өз қаржысын пайдаланады, кәсіпорындардың шамамен 60% негізгі құралдарды өздерінің қаражатынан қаржыландырады», - деді Д. Ақышев.

Похожие материалы