Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Halyk тобының таза кірісі 62,1 млрд теңгені құрады

Halyk тобының таза кірісі 62,1 млрд теңгені құрады

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Halyk тобының ( «Қазкоммерцбанк» АҚ – Qazkom тобының көрсеткіштерін ескере отырып) таза кірісі 2018 жылдың 1 тоқсаны үшін 62,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы 4 тоқсанның нәтижесінен 63,1 пайызға асып тұр. Бұл туралы Халық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, 35,2 пайызға өсіп, 57,7 млрд теңгені құрады. Qazkom-ның таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2018 жылдың 1 тоқсаны үшін 32,9 млрд теңгені құрады.

Топтың таза пайыздық кірісі ( кредиттік шығындар бойынша шығыстарға дейін) 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен клиенттерге берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету (жылдығы 13,7 пайыздан жылдығы 12,5 пайызға дейін) және 2018 жылдың 1 тоқсанында «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның мерзімсіз еурооблигациялары  бойынша дисконтты амортизациялау есебінен 9 пайызға – 74,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Таза пайыздық маржа 2017 жылдың 4 тоқсанындағы жылдығы 4,9 пайызбен салыстырғанда, 2018 жылдың 1 тоқсанында негізінен «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың одан төменірек таза пайыздық маржасы және «Altyn Bank» АҚ-ның пайыздық активтерін сатуға арналған активтерге қайта жіктеу есебінен жылдығы 4,3 пайызға дейін төмендеді.

Похожие материалы