Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Маск Model 3 өндірісінің жоспарларымен бөлісті

Илон Маск Model 3 өндірісінің жоспарларымен бөлісті

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Tesla Inc. америкалық электромобиль өндіруші маусым айының соңына дейін, аптасына 5 мың Model 3 көлігін өндіріп, мақсатты көрсеткішке жетуі мүмкін, деп мәлімдеді компанияның негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Илон Маск акционерлердің жылдық жиналысында.

Оның айтуынша, компания қазірдің өзінде тәулігіне 500 көлік немесе аптасына 3,5 мың дана өндіретінін көрсетті. «Бұл менің өмірімдегі ең азапты, қиын, ауыр айлар болғанын мойындау керек. Бірақ біз мақсатқа ұмтылып жатырмыз деп ойлаймын», - деді Илон.

Tesla басшылығы Модель 3-тің жоспарлы өндірістік деңгейіне қол жеткізуге үміттенеді. Себебі ол жаңа капитал тарту қажеттілігін болдырмау үшін компанияға жеткілікті ақшалай қаражат ағынына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін осы мақсатқа қол жеткізудің соңғы мерзімі әртүрлі мәселелерге байланысты екі рет кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ, Илон Маск, компания екінші жартыжылдықта табысты деңгейге жетуді күтетінін айтты.

Келешектегі жоспарларға тоқтала отырып, Tesla компаниясының бас директоры Қытайдағы автомобиль жинау қондырғыларын және батареяларын салу туралы келесі мәліметтерді ертерек жариялауды ұсынды. Сонымен бірге, Model 3-ке негізделген Model Y пайда болуы және жаппай нарыққа арналған ықшам автокөлікті дамыту мәселесіне тоқталды.

Айта кетерлігі, Tesla компаниясының акциялары сейсенбіде қосымша сауда-саттықта 1%-ға өсті. Жыл басынан бері компанияның капитализациясы 6,5%-ға, 50 млрд долларға дейін төмендеді.

Похожие материалы