Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл 800 шағын несиеге кепілдік беру көзделіп отыр — Жеңісбек Дулатов

Биыл 800 шағын несиеге кепілдік беру көзделіп отыр — Жеңісбек Дулатов

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - 2017 жылы шағын несиелерді кепілдендіру мақсатында «ҚазАгроКепіл» және «Даму» қоры 414 кепілдік берген. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов мәлім етті.

2018 жылы бұл көрсеткішті екі есе көбейту жоспарланып отырғанын жеткізген департамент басшысы мемлекет тарапынан 800 кепілдік берілетінін нақтылады.

«Жалпы, мұндай кепілдік несие сомасынан 85 пайызды құрайды. Мысалы, кәсіппен айналысуға ниетті адам бір млн теңге алса, оның 850 мың теңгесіне Үкімет кепілдік береді. Қалған 150 мың теңгеге несие алушы өзі кепілдік қоюы керек. Мысалы, ауылдағы малын, жерін, жылжымайтын мүлігін қоюға болады. Ондай мүмкіндік бар», — деді Ж. Дулатов.

Сонымен қатар, ол 2018 жылы берілетін 14 мың несиенің 11 мыңы ауылдық жерлерде тұратын кәсіпкерлерге бөлінетінін айтты. Ал қалған 3 мыңға жуығы қалалар мен моноқалалардағы кәсіпкерлерді қамтитын болады.

 

Похожие материалы