Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Конгресі әлеуметтік бағдарламаларды қысқартып, әскери бюджетті көбейтпекші

АҚШ Конгресі әлеуметтік бағдарламаларды қысқартып, әскери бюджетті көбейтпекші

АҚШ конгресінің палатасындағы республикандықтар өкілі келесі жылы әлеуеметтік бағдарламаларды қаржыландыруды қысқартып, қорғаныс шығынын 40 млрд долларға дейін көбейтетін бюджет жобасын мақұлдады деп хабарлайды ВВС.

6 жыл ішінде алғаш рет бюджет жобасы сенаттағылармен мақұлданды. Енді келесі аптада шығындарды қысқарту жөнінде қабылданатын шаралар талқыланбақ.

АҚШ президенті Барак Обама бұл жобаға вето енгізуге уәде берген еді. Егер республикандықтар мен демократтар күзге дейін өзара келісімге келмесе, үкімет қаржыландыруы тағы да уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Өкілдер палатасы қабылдаған бюджет жобасы әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы Америка бюджеті 2024 жылға дейін дефициттен құтқаруды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, келесі жылға әскери бюджетті 40 млрд долларға көбейту көзделген. Әзірге республикандықтар ел президентінің денсаулық сақтау саласында жүргізген реформаларын қабылдамауға тырысып жатыр. Егер маусымда Жоғарғы сот медициналық сақтандыруды қаржыландыратын Obamacare бағдарламасын заңсыз деп тапса да, екі жақ келісімге келуі қажет болады.

Похожие материалы