Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тағы Pizza Hut банкротқа ұшырағандығын мәлімдеді

АҚШ-тағы Pizza Hut банкротқа ұшырағандығын мәлімдеді

АҚШ. 25 қаңтар. 7kun.kz - Pizza Hut жылдам тамақтану ресторандар желісі банкротқа ұшырады.  Бұл туралы WK Capital Enterprises Inc. компаниясының заңгерлері мәлімдеді.

Американың Виргиния, Мэн, Солтүстік Каролина және Теннесси сынды штаттарында орналасқан 53 мейрамхана желісі 2017 жыл қаңтар айының жалға алу ақысын уақытылы төлемегендігі анықталды. Мұндай жағдайға себеп - сұраныстың азаюы және шығындардың көбеюі. Заңгерлер сотта банкротқа ұшыраған Канзас штаты Уичито қаласындағы мейрамханаға 400 мың доллар қарыз беруге өтініш жасады. Бұл қаржы тамақтану желісінде жұмыс істейтін 1,4 мың қызметкерге істің қаралу уақытында жұмыстарын жалғастыра беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге, адвокаттар соттан қызметкерлерге уақытында жалақыларын төлеуге рұқсат етуді сұрады.

Дегенмен компания заңгерлерінің сөзінше, банкротқа ұшыраса да мейрамханалар желісін сату туралы жоспар жоқ.

Еске салсақ, Pizza Hut дүние жүзіндегі ең үлкен пиццерия желісі. Оның әлемнің 100-ден аса мемлекетінде 34 мыңға жуық нүктелері бар.

Похожие материалы