Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әділет вице-министрі тағайындалды

Әділет вице-министрі тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Жанат Ешмағамбетов әділет министрлігінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордадан. 

45 жастағы Жанат Ешмағамбетов - Қарағанды политехникалық институтының түлегі. 1993-2006 жылдар аралығында жедел уәкіл, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бөлім басшысы қызметін атқарды. Осыдан кейін бір жыл президент әкімшілігінде сот жүйесі және құқық қорғау сұрақтары бойынша бөлімнің бас маманы болды. Сондай-ақ Қазақстандағы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығында бас инспектор ретінде жұмыс істеген. Соңғы қызметі - әділет министрлігіндегі сот актілерін орындау департаментінің директоры.

Похожие материалы