Air Astana маусым айында Астанадан Тилисиге тұрақты рейсті ашуды жоспарлап отыр деп хабарлады Қазақстандағы Грузия елшісі Зураб Патарадзе.
"Туристік ағынның артуына байланысты, Air Astana ірі қазақстанық әуе компаниясы 2015 жылдың 2 мамырынан бастап Астана-Тбилиси-Астана әуе қатынасын ашуға қатысты шешім қабылдады", - деп мәлімдеді З.Патарадзе дүйсенбі күні Астанада өткен "Астана-Батуми" бизнес-форумының барысында.
Дипломаттың пікірінше, бұл бағыт үлкен табысқа ие болады, себебі ол біздің елдеріміздің туристік әлеуеті мен танымалдығын дамытуға жәрдемдеседі.