Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Air Astana жақында IPO-ға шығады – «Самұрық-Қазына» басшысы

Air Astana жақында IPO-ға шығады – «Самұрық-Қазына» басшысы

Нұр-Сұлтан. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Air Astana әуе компаниясын халықаралық капитал нарықтары қалпына келтірілгеннен кейін IPO-ға шығару жоспарлануда. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Air Astana IPO-ға шығуға дайын. Халықаралық нарық қалпына келгеннен кейін осы компаниямен бірге капитал нарығына қажетті қаражатты тарту үшін, соның ішінде компанияны дамыту үшін әрекет жасаймыз», – деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana президенті Питер Фостер авиакомпанияның IPO-ға шығуын 2023 жылы күтуге болатынын айтқан еді. Ал Алмасадам Сатқалиев IPO-ға Air Astana 2022 жылдан кейін өтетінін айтты.

Air Astana – «Самұрық-Қазына» қоры мен британдық BAE Systems компаниясының (тиісінше 51% және 49%) бірлескен кәсіпорны.

Похожие материалы