Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақауы бар жолдарда жүру енді тегін болады – «ҚазАвтоЖол»

Ақауы бар жолдарда жүру енді тегін болады – «ҚазАвтоЖол»

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық және халықаралық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем тәртібі өзгерді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа ереже бойынша, егер ақылы жол учаскесінде қозғалысқа қауіп төндіретін ақаулар немесе жөндеуді қажет ететін бөліктер анықталса, сол аралық үшін төлемақы алынбайды. Төлем тек ақаусыз жол бөлігіне ғана есептеледі.

Мысалы, ұзындығы 100 шақырым болатын жолдың 5 шақырымы жөндеуде болса, жүргізуші тек қалған 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң ғана төлем қайта қалпына келтіріледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 ақылы жол бар. Ұлттық оператор олардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізушілер жолдағы ақаулар туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс нөміріне хабарлай алады.

Ұқсас материалдар