Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақмола облысында 39,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысында 39,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 39,3 мың гектар жерді ұзақ уақыт пайдаланбағаны үшін ЖШС-нен мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдады.

Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Селеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтерінде орналасқан 4 747 гектар егістік пен 34 425 гектар жайылымдық жер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгенімен, ол талаптарды орындамаған.

Сот Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандырып, апелляциялық инстанция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Ұқсас материалдар