Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алаяқтар банктерден 18 млрд теңгеге несие рәсімдеген

Алаяқтар банктерден 18 млрд теңгеге несие рәсімдеген

Елімізде қаржы алаяқтығының өсу дерегі көбейіп кетті.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова: «Қазір несие беру нарығында өзекті мәселелердің бірі – қаржы алаяқтығының өсуі. Жыл басынан бері 18 млрд теңгеге 7,4 мың жалған кредит берілген. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және Ішкі істер министрлігі бірлесіп, алаяқтықты анықтау, жолын кесу шараларын жасады», – дейді агенттік төрағасы.

Айтуынша, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін маусым айында қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң қабылданды.

Заңның негізгі жаңалықтары 90 күннен астам төлем мерзімі өткен кезде, кредит беруге тыйым салынады. Бұдан басқа 45 күнге дейінге мерзімге 50 АЕК-ге дейінгі сомада берілген микрокредиттерді реттеудің ерекше тәртібінің күші жойылады.

«Негізгі шаралардың ішінде әрбір онлайн қарыздар берген кезде клиенттерді міндетті биометриялық және көпфакторлы индентификаттауды енгізуді, банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне және олардың мобильді қосымшаларына қойылатын талаптарды қатаңдатуды атап өтуге болады», – деді Мадина Әбілқасымова.

Сонымен қатар ол электронды үкімет порталы арқылы онлайн кредит алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қарастырылғанын еске салды.

Бас тартылса да, алаяқтар кредит рәсімдеген жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл кредитті сызып тастауға міндеттеліп отыр.

 

Ұқсас материалдар