Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы мектептеріндегі қауіпсіздік үшін 1 млрд теңге бөлінеді

Алматы мектептеріндегі қауіпсіздік үшін 1 млрд теңге бөлінеді
Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - Мемлекеттік-жеке серіктестіктегі жеке күзет агенттігі алматылық мектептердегі қауіпсіздік үшін 1 млрд 36 млн теңге салуға дайын. Кәсіпкер 227 орта білім беру орталықтарын арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін болады, - деп хабарлайды kapital.kz.
"Бұл жоба - мемлекеттік - жеке серіктестіктің керемет үлгісі. Әкімдік пен күзет агенттігі ұзақ мерзімді серіктестіктің келісімшартын жасап жатыр. Жеке адам кепілді мемлекеттік тапсырыс алады, ал жергілікті билік қымбат бағаланатын құрал - жабдықтарға миллиондаған бюджеттік теңгені үнемдеп қалады. Осылайша бұл жобада барлығы жеңімпаз атанады. Ал ең бастысы - ол, біздің балаларымыз. Әр ата - ана өз баласының мектепте қауіпсіздікте жүргендігіне сенімді болуы тиіс", - деп мәлімдеді Алматы кәсіпкерлік палатасының сарапшысы Қайрат Қасенов.
Мемлекеттік - жеке серіктестіктің тағы бір үлгі тұтар ісі - мектептерге арналған спорттық алаңдар. Әкімдік 3 жобаға келісім берді, ал тағы 4 жоба болса қарастырылып жатыр. Кәсіпкерлер мектеп аумағын жөндеп, барлық қажеттіліктермен қамтуға дайын. Алдағы уақытта мектеп футбол алаңына, жасанды төсеніш, қосымша жарықтар мен велосипед пен жүгіру жолына ие болады. Ал, сабақтан тыс кезде кәсіпкерлер жеке тұтынушылардың пайдалануына ерік береді. Велосипед пен жүгіру жолын барлық қалаған адамның қолдана беруге мүмкіндігі бар.
"Мемлекеттік - жеке серіктестік бағдарламасы барлық  бастапқы капиталы бар адамдарды қызықтырады. Мемлекет әлеуметтік бағыттағы жобалар үшін жер телімін, ғимарат пен қаржылық ресурстарды бере алады. Ал кәсіпкерлік палатасы болса әкімшілік бөгеттерге тосқауыл болып, әрдайым көмек көрсетуге дайын. Мәселен, мектепке дейінгі орталықтарды ашу үшін әкімдік бірнеше ғимараттарды берді. Қазіргі кезде мемлекеттік - жеке серіктестік бойынша ашылған барлық балабақшалар сәтті жұмыс істеп жатыр", - деді сарапшы Қайрат Қасенов.
Мемлекеттік - жеке серіктестік (МЖӘ) бағдарламасына қатысу жайлы ақпаратты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады. 2017 жылдан бастап менеджер - кеңесшілер тағы екі жаңа қызмет түрін ұсынады.
Жангүлім ХАФИЗ "7"

Похожие материалы