Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 100 млн долларды құрады

Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 100 млн долларды құрады

2016 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы мен Қытай компаниялары арасындағы сауда айналымы 100 млн долларды құрады. Бұл туралы қаланың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай мәліметтер қала әкімдігі өкілдерінің қытайлық Хубэй провинциясы делегатын басқарушы вице-губернаторы Гань Жункунмен болған кездесуі барысында мәлім болды. Екі тарап өндіріс, сауда, инновация, білім беру, және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Баспасөз қызметінен хабарланғандай, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тұрақты. Қазіргі таңда Қытай елінің капиталы бойынша бірлескен 69 және 170 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

"Компаниялар қызметінің нәтижесінде Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар айында 100 млн долларға жетті. Гань Жункун ек ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты дәлелдеу мақсатында Ухань және Синьцзян қалалары мен Еуропа елдері арасында жүретін жүк пойызының Қазақстан арқылы өтетінін атап өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, екі жақ екі жақ жаңа технологияларға қатысты мәселелерді талқылады. Өз кезегінде Алматы қаласының өкілдері қытайлық бизнесмендерге инновация саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы ұсыныс жасады.

Похожие материалы