Экономика
Регионы
Алматыда екі аудан әкімі қызметін ауыстырды
Алматы. 01 шілде. 7kun.kz - Бүгін Алатау ауданы әкімі Бағдат Манзоров Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жетісу ауданы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы басқармасын басқарады. Бұл туралы Алматы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Тимур Базарбаев Facebook желісіндегі
жеке парақшасында хабарлады.
Қала әкімі Бауыржан Байбек экс-аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берген. Манзоровқа қаладағы салынып жатқан нысандарды түгел қамтып, бақылайтын жүйе ұйымдастыруды тапсырса, Разақов заңсыз жұмыс күшін пайдаланумен күресу, жалақының кешіктірілу мәселесін шешу, сараптаманы негізге ала отырып, басқару жүйесін өзгертумен айналысады.