Экономика
Алматыдағы "Анкара-Донерден" уланғандар 7 млн теңге талап етуде
"Анкара-Донер" кафесінің келушілері денсаулықтарына келтірілген нұқсандар үшін 7 млн теңге өтеп беруін сұрап отыр. Бұл жөнінде қала тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, 21 тамыз күні Абылайхан, 24 мекен-жайында орналасқан "Анкара-Донер" кафесінен тамақтанған он шақты келуші донерден уланған болатын. Бүгінде "сальмонеллез" диагнозымен 12 адам ауруханаға жатқылған.
«Департамент тұтынушы құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып зардап шегушілерге келген нұқсанды өтеп беруге қатысты сотқа дейінгі шағымдарды өткізумен айналысып жатыр. Қазіргі таңда жалпы ққны 7 млн теңге болатын 30 шағым жиналғане», - дейді департамент баспасөз-қызметі.
Эпидемияға қарсы шаралар әлі де жүргізіліп жатыр.