Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Андрей Третьяков: Мен Ертаевпен бірге ұсталған жоқпын, іздеуде емеспін

Андрей Третьяков: Мен Ертаевпен бірге ұсталған жоқпын, іздеуде емеспін

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Тройка-Д-Банктің бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков Ертаевпен бірге ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол 7kun.kz редакциясына жолдаған хатында айтты.

«Менің «Тройка-Д банкінен» кеткеніме 2 жыл болды. Ертаевтың қарамағында жұмыс істемегем, істемеймін де. Сондай-ақ, маған қылмыс жасады деген айып тағылған жоқ. Бірақ Google-ға «Тройка-Д-Банк» деп теріп, суреттер бөліміне кірсеңіз, ондағы бірінші болып менің фотосуреттерім шығады. Дәл сол суреттерді журналистер қауымы сюжеттерде қолданған. Өйткені, банкте жұмыс істеген кезде, мен баспасөзбен байланысқа жауапты болдым. Нәтижесінде желіде банк қызметкері ретінде жиі шығып тұратынмын», - деді Третьяков.

Бұған дейін ресейлік «Мэш» телеграм-каналы Андрей Третьяковтың Жомарт Ертаевпен бірге ұсталғаны туралы ақпарат таратқан. Алайда кейін қазақстандық ІІМ таратқан ақпаратта оның аты айтылмады. Енді Андрей Третьяков бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Похожие материалы