"Аграрлың несие корпорациясы" АҚ көктемгі дала жұмыстары мен жинау науқанына бөлінетін қаржыландыру көлемін арттыратын болды.
"Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылық өндірушілерінің көктемгі дала және жинау жұмыстарын өткізуі үшін 7,5 млрд теңге соммасына қаржыландыруды жоспарлаған еді. Бартып жатқан белсенділік пен қаржыландыруға деген мұқтаждықты назарға алып, корпорация бөлініп отырған бюджеттік несие қаражатының көлемін 8,9 млрд теңгеге дейін арттырып отыр, бұл шамамен 700 мың гектар егіс алқабына егін егіп-жинауға мүмкіндік береді", - деп айтылған корпорация баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі кезде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылық өндірушілеріне бұрын жоспарланған соммадан артық қарыз беруге ұсыныстары қарастырылып, оң шешім шығарылды.