Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта басында теңге әлсіреді

Апта басында теңге әлсіреді

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 368,80 теңгені құрады. 26 қазандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (368,94 теңге / $1)  ұлттық валюта 0,14 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 369,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 368,51 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 46 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 105.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 370 теңге, Алматыда – 370,5 теңге.

Похожие материалы