Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,77 теңгені құрады. 13 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,78 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 2,01 теңгеге нығайды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386,5 теңге, Алматыда – 387,5 теңге болды.
Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 386,71 теңгені құрайды.