Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 39 925 құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17%-ке артты, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
2019 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 20 040 құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,8 %-ке артты.
Астанада ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында мәмілелер саны 31,6%-ке, Алматыда 22,3%-ке өсті.