Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында құны 1,35 млрд теңге болатын бордақылау орны салынады

Қарағанды облысында құны 1,35 млрд теңге болатын бордақылау орны салынады

          Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев  құны 1,35 млрд теңге болатын бордақылау орнының құрылысымен танысты, деп хабарлайды облыстық әкімшіліктен.

        "Бұқар жырау ауданындағы "Жәке" шаруашылығының маңында Қарағанды облысында 3 мың ірі қараға лайықталған  бірінші бордақылау орны салынады. Кейінірек, алаңды 5 мың ірі қараның көлеміне дейін кеңейтпекшіміз",-делінген облыс әкмідігі таратқан хабарламада. Жоба Қарағанды облысы әкмідігі тарапынан қолдау тауып, 740 млн теңге субсидия бөлінді. Жобаның жалпы құны - 1,35 млрд теңге. Ал "Жәке" шаруашылығының қожайыны жеке қаражатынан 610 млн теңге үлес қосты. Жылына 700 тонна сиыр еті бордақыланады. Кәсіпорын сиыр етінің экспортын 50 пайызға дейін көбейтіп, облыс тұрғындарын ғана емес, Астананы да сапалы етпен қамтамасыз етпек. Әкімшілік аталған жобаны іске асыру аймақтағы мүйізді ірі қараны көбейтуге мүмкіндік беретіндігін, халықтың сұранысын қанағаттандырып, бюджетке салық төлемдерінің түсуін қамтамасыз ететіндігін атап өтті. 110 жұмыс орны  пайда болады.  Дәл қазір екі қабатты ғимараттың құрылысы аяқталды. Мүйізді ірі қара базасы салынуда.  Жалпы бордақылау орнының құрылысы 2015 жылдың маусымына дейін бітуі қажет.

Похожие материалы