Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ (диплом)

АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ  (диплом)

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.

Ашық экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі  т. б.

Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.

Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.

Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді.   Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.

Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:

  • ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
  • ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
  • ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
  • қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
  • Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың   құрылымдық мазмұны берілген.

Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.

1 Тарау. Ашық экономикадағы ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі

1.1. Ашық экономикадағы ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі

Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық және т.б. сияқты кез келген дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып келеді. Ақша-несие саясаты мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мінез-құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық жағдаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның аса күрделі мақсаты болып табылады.

Ақша-несие саясатының негізгі әсер ету объектісі ақша айналымы болып келеді. Ақша айналымы өз алдына қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың толассыз қозғалысын құрайды. Ақша айналымының кеңейтілген түсінігі оның құрылу принциптерін түбірінен өзгертеді. Осы анықтамаға сәйкес ақша айналымын реттеу ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банкі ақшалары, несие мультипликаторы, ақша сұранысы және ұсынысы және т.б. сондай жаңа ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде түсінік аппаратын жаңарту кейнсиандық және монетарлық ақша айналымын реттеу концепцияларын зерттеу қажеттілігіне әкеледі, өйткені бұл теориялық құрылыстардың негізінде Маркстің ақша айналымының өзгертілген құрылымды заңы жатыр. Ақша айналымы заңы құн заңынан шығады. Демек айналымға қажет ақша массасын анықтағанда тек қана тауар айналымының көлемі мен құрылымын қарастыру жеткіліктісіз, мұнда табыстың мөлшері мен құрылымын, ақшаға ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеру керек.

Ақша-несие саясатын  негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі – кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардын арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.

Ақша-несие саясатының нәтижелі жұмыс жасауына институционалдық негіз болып келетін екі деңгейлік банкілік жүйе және ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйе.

Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға  тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі (бірінші деңгей) бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді. Ол клиентураға несие-есеп айырысатын қызметтерді көрсетумен шұғылданбайды, оның клиенттері тек қана банкілерден тұрады. Сайып келгенде, әңгіме иілгіш құрылым шектерінде жүйенің тұрақты эволюциясының жүріп жатқаны туралы айтылады.

Банкілік мекемелердің әр түрлілігі мен аса көптігіне, олардың әр түрлі елдерде түрлі үйлесушілігіне қарамастан, екі деңгейлік құрылымның болғаны орталық банкіге экономикалық әдістердің жиынымен екінші деңгейдегі банкілердің мінез-құлығын жөнге салуға және қайта өңдеу процесіне әсер етуге мүмкіндік береді. Банкілер арасындағы іскерлік бәсекенің болуы барлық елдерде олардың нәтижелі жұмыс жасауының негізгі шарты деп қаралады.

Қазіргі ақша-несие саясатының институционалдық негіздеріне нарықтық жүйе кіреді. Ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйесіз екі деңгейлік банкілік жүйелердің  нәтижелі жұмыс жасауын ұғыну қиынға соғады. Ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің нарықтық үлгілерінің маңызды буыны болып келеді: мұнда несиелердің әртүрлі мезгілдерге сұранысы және ұсынысы шоғырланады, монетарлық саясаттың өте маңызды айнымалысы – пайыздық ставкалар  қалыптасады.

Ақша-несие сферасында нарықтық класификациялаудың негізінде ең алдымен үш белгі жатады: келісім объектісі, уақыт арасындағы қатысушылардың құрамы және келісімдердің ұзақтығы. Осыған қарап нарықтың екі тобын айырып көрсетеді: несие және қаражаттық, олардың өз алдына нақтылы бір түрлері бар. Егер келісім несие нарығында 24 сағаттан бір жыл мезгілге жасалса, қаражаттық нарықта ұзақ мезгілдік келісімдермен сипатталады.

Несие нарықтары банкаралық және ақшалай болып бөлінген. Күнделікті банкілердің мезгіл бойынша активті және пассивті операцияларының теңелетін банкаралық нарыққа тек қана банкілердің қатысуға мүмкіндігі бар. Қатысушылар мен келісім объектілерінің құрамы көбірек болатын ақша нарығы болып табылады. Оған банкілерден басқа кәсіпорындар, қаржы мекемелер, сақтандыру компаниялары және зейнетақылық қорлар қатыса алады. Ұзақ мерзімге ақша қорларын сатып алу және сату келісімдері алғашқы және екінші қаржы нарықтарында жүргізіледі. Алғашқыларға облигациялардың және акциялардың эмиссиясы жатады, ал екіншіге – қор биржа.

Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.

Ақша несие саясатының стратегиясын жасау екі кезеңді ұсынады: оның ең маңызды ақырғы мақсатын анықтау; монетарлы өкіметтерге делегирленген аралық мақсат пен өкілеттіктерді анықтау.

Мемлекеттік органдардың басты мақсаты белгілі бір саясатты таңдап және оны орындап жоғарғы тұрақтылыққа жету және сол тұрақтылықты ұзақ дәуір ағымына сақтау болып табылады. «Жалпы экономикалық тұрақтылық» ұғымы негізінен макроэканомикалық параметрлердің күй-жағдайының айқын болуын көрсетеді, атап айтқанда: өндірістің тұрақты өсуі, тұрақты бағалар, жұмысшы күшінің толық жұмыс бастылығы және төлем балансының дұрыс сальдосы.

Ақша-несие саясатының мақсаттары оның стратегиясы болып көрсетіліп, былай класифмкацияланады: іс-әрекет шегімен – ішкі және сыртқылар, іс-әрекет уақытымен – аралық және ақырғы. Ішкі және сыртқы, аралық және ақырғы мақсаттардың шектелуі олардың абсолютті қарама-қарсы қойып салыстырылмай қабылдануға тиісті. Негізінен олардың арасындағы байланыстарының бар болғанын шамалайтын жалпы ақша-несие саясаты ғана болып отыр.

Ақырғы мақсаттар. Ақырғы мақсаттарды анықтағанда «сиқыршылық төрт бұрыш» туралы жиі сөйлейді, оның шектері макроэкономикалық көрсеткіштер схемасында көрсетілген. Экономикалық саясаттың мәні осы параметрлердің оптималды үйлестіруінде жатыр.

Ақырғы мақсаттар арасында бір мақсат бар, оны орындау орталық банкінің жауапкершілігінде жүктеледі: күрес ұлттық валютаның ішкі және сыртқы құнын сақтау үшін инфляциямен. Бұл мақсат ақша активтерінің эмиссиялауында емес, жинақтардың тұрақты артуына айрықша жағдай жасайтын инвестициялық қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі. Ақша-несие саясаты инфляцияның ақшасыз себептерімен күресе алмайтыны айдан анық. Құрылымдық және әлеуметтік факторлар экономикалық саясаттың басқа құралдарымен жойылуға тиісті (табыстар саясатымен, сауда-өнеркәсіптік құрылымдар саясатымен және т.б.)

Аралық мақсаттар. Орталық банкілер аралық ретінде ақырғы мақсаттардың орындалуына қолайлы мақсаттар анықтайды. Аралық мақсаттардың анықтамасы бірнеше болжамдардың қатарында құрылады. Аралық мақсаттар (мысалы, ақша массасы) мен ақырғы мақсаттар (мысалы, бағалар) арасында біршама байланыс бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясатының аралық мақсаттан ақырғыға трансмиссия процесі тұрақты және жеткілікті түрде көрсетілген. Орталық банк оның бұйрығында бар құралдарға байланысты мақсаттардың бірлігін көрсете білуі тиіс.

Календарлық жылға ұсынылған аралық мақсаттарды ресми жариялай отырып орталық банк, болжауға арналған негізгі нүктені орнатып, сөйте тұра «құлағдар ету күшті әсерін» іске асыра алады. Оған қоса, ақша-несие саясаты табыстар саясатына қарағанда аса жеңіл өткізіледі, сонымен қатар экономикаға азырақ «ауырғыш» әсер көрсетеді.

Орталық банкі аралық мақсаттардың екеуінің біреуін ғана таңдау мүмкіншілігіне ие: пайыздық ставка немесе ақша массасы, немесе екі мақсатты бірге таңдайды. Бұл дегеніміз, ақша-несие саясатының стратегиясы сандық мақсаттардың екі категориясымен көрсетіледі: ақшалардың санынымен және несиелердің көлемімен.

Экономикасы дамыған елдердің орталық банкілері экономикаға әсер етудің белгілі бір әдістеріне ие. Оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды резервтер саясаты; депозиттық саясат; есептік және кепілдік саясатын қосатын ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру; ашық нарықтағы операциялар; валюталық саясат. орталық банк ақша-несие саясатының стратегиялық концепциясын жасайды, ол мақсаттарға жету үшін құралдар қолданылады. Сонымен қатар құралдардың белгілі бір құралдарын қолдануда реттелетін экономика күй-жағдайы ғана емес, сонымен қатар орталық банкінің банкілік жүйемен өзара қатынастарындағы дәстүрлері үлкен роль ойнайды.

Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негізгі түрлері заңмен бекітілген. Мысалға, Австрия мен Германияны айтуға болады, онда орталық банкілер құралдардың стандартты түрлерін қолданады. Англияның орталық банкісінің жүргізетін саясаты мүлдем заңмен реттелмейді, және әрбір нақтылы кезеңде Англия Банкісі ақша нарығына әсер етудің жаңа әдістерін қолданады. Сондықтан да Англия Банкісінің қолданылатын ақша саясатының негізгі құралдарын ерекшелеп көрсету жеткілікті түрде қиын, өйткені олардың жиыны саяси режимге аса тәуелді болады, яғни билік басында консервативті немесе лейбористтік өкіметтің ауысып отыруы жиі болып тұрады. Неміс федералдық банкісі заңмен көрсетілген құралдарды модернизациялау жолын ұстанып отыр. Сөйте тұра неміс федералдық банкісі ақша-несие саясатының түрлі механизмдерін қолданады.

Ұзақ мерзімдік аспектіде орталық банк стратегиясының компромистік вариантын таңдау туралы айтуға болады. Қазіргі кезде реттеудің әкімшілік механизміне қарағанда нарықтық механизмге үлкен маңызды бөліп отыр. Ұлттық Банк үшін өтпелі экономика шарттарында Австрияның және Германияның орталық банкілерінің тәжірибесін қолдану аса тиімдірек келеді, яғни ақша-несие саясатының құралдары заңменен бақылануы керек, сонымен қатар танымайтын әдістерді эксперименталды түрде пайдаланғанша қолда бар құралдарды тиімді қолданған дұрыс және маңызды болып табылады.

Орталық банкінің концепциясын бірнеше критериялар негізінде мінездемелеуге болады. Орталық банкілердің стратегиясын класификациялаудың негізгі принциптерінің бірі болып қызмет ететін ақша массасының  өсу қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің басқа бір тұрақты шетел валютасына қатысты валюталық курсын реттеуге бағдарлану, яғни ішкі және сыртқы көрсеткіштер. (1 кестені қараңыз)

Кесет-1. Валюталық курсты реттеудің ішкі және сыртқы көрсеткіштері.

Ішкі көрсеткіштерге Бағдарлану  Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану
Ақша массасының өсу қарқынын реттеу Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу
Ескерту-Автормен құрастырылған: Нуреев Р.М «Ақша,Банк және ақша несие саясаты» Мәліметтер негізінде алынған.

Мысалға Неміс федерадық банкісі жұмысының негізгі мақсаты ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Тұрақтылықты ішкі және сыртқы деп бөледі (ішкі дегенімізде инфляциясыз дамуды, ал сыртқыда – неміс маркасының валюталық курсының тұрақтылығын айтамыз). М3 индексі анықтайды, ол өзіне қолма-қол ақшалардың көлемін және резиденттердің ұлттық несие институттарында сақтайтын келесі салымдардың түрін қамтиды: талап еткенге дейінгі салымдар, 4 жылға дейінгі салымдар, жәй жинақ салымдары.

Айта кететін бір жайт ақша массасы Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банкілердің баланстарының шоттары консолидациясы негізінде анықталады және  келесі компоненттерден тұрады:

  1. М0 (айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни банк жүйесінен тыс ақшалар);
  2. М1 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
  3. М2 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері, теңгедегі басқа да депозиттер және шетел валютасындағы халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
  4. М3 (М2 агрегатының және басқа да шетел валютасындағы банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері сомасына тең).

Ақша базасы (резервтік ақшалар) ҚҰБ-нен тыс қолма-қол ақшаларын және екінші деңгейдегі банкілердің аудармалы депозиттерін қосады.

Ақша массасын елдің жалпы экономикалық ахуалына байланысты реттеген кезде ақша массасының өсуін ынталандыру шаралары (экспансиялық несие саясаты) және оның өсуін тоқтату шаралары (рестирикциялық несие және дефляциялық саясат) деп айырады. Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу орталық банкінің стратегиясының екінші варианты ретінде экспортқа бағытталған дамыған экономикасы бар Европа елдері қолданады. Мысал ретінде Австрия, Бельгия, Нидерландыны келтіруге болады. Австриялық Ұлттық банкісі қайта қаржыландыру саясатының шеңберінде есептік ставканың өзіндік мөлшерін мүлдем белгілемейді, өйткені австриялық шиллинг неміс маркасына бағаланбаған. Австриялық Ұлттық банкісі есептік ставканы Неміс федерал банкісінің есептік ставкасымен бір деңгейде немесе одан төмен деңгейде ұстауы керек. Автстриялық банкінің негізгі мақсаты валюталық саясатты жүргізе отырып ұлттық валюта мен неміс маркасының бағамдарының арасында тұрақты пропорцияны сақтап отыру.

Орталық банкі өзінің бұйрығында ақша-несие сферасын реттеуге көмектесетін құралдары болады. Бұл құралдар барынша көп әрекеттілікке ие болуға тиісті және оны орталық банкі белгілі бір экономикалық жағдайда қолданады. Ақша-несие саясатының құралдарын осылай бағалаудың критериясы орталық банкінің экономикалық реттеу мақсаттарын дәлірек іске асыру қабілеттілігін түсіндіреді.

Орталық банкінің құралдарына қойылған келесі талабы оның бөлек топтар немесе барлық несие институттардың бәсеке қабілеттілігіне әсер етуінің  біркелкілігі болып табылады. Біріншіге сауда банкілерінің бір бөліміне әсер ету шаралары жатады. Мысалы, Германияда әр түрлі бөлек несие институттар үшін міндетті резервтер бойынша әр түрлі ставкалар қою; Ресей банкісінің валюталық лицензия беру тәжірибесі. Екінші топ барлық несие институттерге тиесілі шараларды қамтиды. Үлгі ретінде, орталық банкінің рестрикциялық есептік саясатын өткізу болып табылады.

Жоғарыда аталған талаптар есепке ала отырып, орталық банкінің барлық құралдарын бірнеше белгілердің негізінде сипаттауға болады:

  • Дәстүрлі немесе дәстүрлісіз;
  • Әкімшілік немесе нарықтық;
  • Жалпы әсер ету немесе сұрыпталған бағыттылық;
  • Тіке немесе жанама әсер ету;
  • Қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді.

Дәстүрлісіз операциялар халықаралық қаржы нарығында жағдайлардың өзгеруімен орайлас пайда болды. Әсіресе, өзінің қажетті құралдарын таңдауда ерікті Англия банкісі үшін дәстүрлісіз реттеу шаралар әдеттегі жағдай болып табылады.

Әкімшілікке директивалардың формаларын, нұсқаулардың және ережелердің түрін иеленетін құралдар жатады, сонымен қатар ұлттық банкіден шығатын және несие институттарының іс-әрекеттеріне және таңдау еркіндігіне шек қоюға бағытталған алдын ала белгіленгендер жатады. Әкімшілік әдістер дамушы экономикасы бар орталық банкілерге тән. Әкімшілік әдістердің арқасында  Ұлттық  банкі  өзінің  бақылау  функциясын  жүзеге  асырып отырады.

60-шы жылдарда барлық европалық елдерде сауда банкілердің пайыздық ставкасын әкімшілік реттеу тәжірибесі кең қолданылған. Қазіргі кезде осы шек қоюлар Германияда, Данияда және Ұлыбританияда ғана толық алып тасталған. Әкімшілікке әдістерге сонымен қатар орталық банкіде несие институттерінің минималды резервтерін ұстауы жатады.

Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды құрастыру жолымен әсер етуді айтады.

Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Көптеген Европа елдерінде капиталлың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр. Дәл осылай, 1991 жылы Австрияда несие институттарының ірі ақша сомаларына шетелдік операцияларын жасағаны туралы орталық банкілерге мәлімет беру жүйесі алынып тасталды.

Орталық банкінің экономикалық реттеуі тіке және жанама әсер етуі мүмкін. Мысалға, есептік саясатты жүргізгенде ақша нарығындағы жағдайды жанама реттеу жасалады, сонымен қатар бір уақытта капитал нарығындағы жағдайға жанама әсер жасалады.

1.2. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары

Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.

Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.

Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.

Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.

Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдарды қолдану ақша қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама құралдарды қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.

 Енді орталық банкінің коммерциялық банктерге қатысты өзінің жүргізетін саясатына көмекші болатын негізгі құралдарды қарастырайық. Оларға ең алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.

а) Резервтік талаптар саясаты.

Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi. Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады. Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.

Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.

Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды мүмкін деңгейде сақтайды.

Екіншіден, минималды резервтер орталық банкінің елдегі ақша массасының көлемін реттеу үшін қолданатын құралы болып табылады. Орталық банк резервтік қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы  ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.

Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың өсуі пайданы толық ала алмауға әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады.

Бұл әдістің жетіспеушілігі кейбір мекемелердің, әсіресе шамалы депозиті бар мамандалған банкілер көп ресурсы бар коммерциялық банкілерге қарағанда артықшылықты жағдайда болады.

Соңғы он-жиырма жыл ішінде бұл ақша-несиелік реттеу әдісінің ролі төмендеп кеткен еді. Бұған факт батыс елдеріндегі резервтік талаптар нормаларының төмендеуі, тіпті оның кейбір депозиттер бойынша алынып тасалуы да көрініп жүр.

Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.

Монетарлы саясаттың бұл құралы өте күшті болып табылады, өйткені ол банкілік жүйенің барлық мәселесін қозғайды. Ол өте күшті әдіс болғандықтан оны ашық нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет пайдаланады.

б) Коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру

“Қайта қаржыландыру” термині орталық банкіден несие мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерциялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар олардың портфеліндегі бағалы қағаздырды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.

Қайта қаржыландыру саясаты арқылы ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның  мөлшері аз болады.

Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерциялық банкілер қарыз алушыларға беретін несие бойынша мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, Есептік (қайта қаржыландыру) мөлшердің өзгеруі коммерциялық банкілердің несие мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілердің ең басты мақсаты болып табылады.

Ақща-несие саясатын жүргізгенде қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерциялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта қаржыландыру аз пайдаланылатын болса онды бұл әдіс өзінің тиімділігін толық жоғалтады.

Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни бағалы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.

Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны тағы дисконттық саясат деп атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде жасайды. Ол ссудаларды қаржылық жағынан тұрақты банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.

Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерциялық банкінің қорларын көбейтеді, демек оның несие беру қабілеттілігін де жоғарылатады. Банк ссуданы ала отырып мемлекеттік бағалы қағаздарменен қамтамасыз етілген өз атына жазылған қарыздық міндеттемені орталық банкіге аударады.

Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтемділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.

в) Ашық нарықтағы операциялар

Бұл әдіс орталық банкінің банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу- сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қаілеттілігін жоғарылатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.

Орталық банк коммерциялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерциялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.

Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сатып алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болып табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.

Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.

Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің қазіргі кездегі мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.

г) Ақша-несие саласын реттеудің басқа да әдістері

Экономикалық әдістермен қатар орталық банк коммерциялық банкілердің іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік әдістерді де қолданады. Мысалға несие көлемін шектеу.

Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясаттың құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.

Сонымен қатар орталық банк әртүрлі нормативтер орната алады, оларды коммерциялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы қажет болады. Оларға коммерциялық банкінің капиталдың жеткілікті норативі, баланс ликвидтілігінің нормативі, бір қарыз алушыға санағандағы қауіп-қатердің максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.

Мемлекет орталық банкі кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер береді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді.

2 тарау. ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері

2.1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы

90-жылдардың басында бұрынғы КСРО елдерінде экономиканы либерализациялаумен қатар ақша-несие саласында дезинтеграциялық процесстер күшейе бастады. Алғашқы болып 1992 жылы өз валютасын енгізген Прибалтика елдері, Азербайжан, Украина, уақытша ақша белгілері – Молдова, Беларусь. Ресей 1992-ші жылдың аяғында ресей рубльді енгізді. 1993-жылы Қырғызстан да өз валютасын енгізді. 1993-ші жылдың шілде-тамыз айларында Ресейде кеңестің ақшалары өз жүруін тоқтатты және солар жаңа ресейліктерге ауыстырылды. ТМД елдеріне кіретін басқа елдерге ескі ақшаларды жаңа ресейлік ақшаларға ауыстыруды Ресей бас тартты. Сөйтіп бұрынғы ақша жүйесі толығымен өз өмір сүруін тоқтатты.

Еліміз бастан бері саяси және экономикалық бағытын ТМД елдерінің экономикаларын интеграциялауға ұмтылды. Қазақстан жаңадан рубльдік аймақты енгізуді ұсынып, 1993-ші жылдары жаңа банкнотаның үлгісін да жасап ұсынды. Бірақ бұл ұсыныстар Ресей тарапынан қолдау алынбай, өз жайына қала берді. Сол уақытта басқа елдің ақша бірліктерін (ресейлік рубль) пайдалану - өз ақша-несие саясатымыздың қолдануымызды шектейтін еді және қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп сол кездегі жағдайдың өзі республиканы өзіміздің ұлттық валютамыздың енгізуімізді қажет етті.

Теңгені енгізбес бұрын алдын-ала дайындық өте үлкен маңызбен жүргізілді, яғни қазақстандық банкнотаның дизайнын жасау, ТМД елдерінің  және шетелдік ақша бірлігін енгізу және ақша реформасын енгізу тәжірибесін үйрену және тағы басқалары. Алғашқы болып ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігімен дайындау және енгізу бағдарламасы 1992 жылы күзде басталды. Бірақ белсенді жұмыс 1993 жылы 3 қарашадан басталды, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысымен ұлттық валютаны енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы құрылды және валютаны енгізу шараларын ұйымдастыратын жұмысшы тобы құрастырылды.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашадан бастап еліміздің бүкіл территориясында айналысқа енгізілді. Ал 1993 жылдың 19 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының территориясындағы жалғыз заңды төлем құралы болып саналды.

Қазақстанда банкілік саланы реформалау бойынша көп жұмыс жасалды, барлық мамандандырылған банкілер акционерлік банкілерге айналды, ал Сбербанк Қазақстан Республикасының Халық банкісіне айналды, ал Ұлттық Банк орталық банкінің қызметтерін атқаратын болды. Ұлттық валютаның енгізілуі Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеудегі ролін тым көтеріп жіберді, өйткені осы кезден бастап оның өзіндік ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі пайда болды.

Ұлттық Банк ақша-несие саласының қызмет етуіне, оның банкілер мен бюджетпен өзара қатынасының классикалық принциптерін енгізуге, банкілердің іс-қимылын реттеу жүйесін күшейтуге толық жауап беретін болды.

1995 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысымен Қазақстанда банкілік жүйені 1995 жылға реформалаудың алғашқы бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ақша-несие саясатын реттеу құралдары мен әдістері әрі қарай даму үрдісін алды, банкілерді қайта қаржыландыру механизмі біраз өзгерістер алды, ал экономиканы несиелеу қызметі екінші деңгейдегі банкілердің міндетіне көшті.

Ұлттық Банк орталық банкілерге тән қызметтерді атқаратын болды: екінші деңгейдегі банкілерді ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін несиелеу, және жалпы ақша-несие және валюталық реттеу. 1995 жылдың бірінші жартысында екінші деңгейдегі банкілерге несие аукциондар арқылы беріліп, екінші жартысынан бастап мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығында берілетін болды. Сол жылдың қыркүйегінен бастап ломбардтық несиелеу енгізілді.

1997 жылдың желтоқсанынан банкілердің халықаралық стандарттарға көшу туралы Қаулы бекітілді, яғни барлық банкілердің капитал жеткіліктілігінің, актив сапалылығының, менеджмент деңгейінің, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға өтуін қарастырады.

Банкілік жүйеде банкаралық ақша нарығы жақсы дамыды, ол арқылы банкілер өзінің қысқа мерзімдік қолма-қол ақшаларға қажеттілігін қанағаттандырып, бос қаражаттарын сату мүмкіндігі бар. Банкаралық нарықтың дамуымен банкілер несиені эмиссиялық институттан емес, банк-корреспонденттен қажет кезде алатын болды. Бұл мәміле қарыз алушы үшін арзан болады, өйткені банкаралық орташа несиелік пайыздық мөлшер деңгейі ресми қайта қаржыландыру мөлшерінен әлдеқайда төмен болып табылады.

Ұлттық Банк РЕПО операцияларын жүргізу тәртіптерін бекітті, бұл Ұлттық Банкіге ликвидтілікті реттеу үшін жаңа жылжымалы құрал ғана емес, нарыққа қатысушылар үшін қосымша мумкіндіктер берді. Осы жылы Қазақстанға Fitch IBCA және Standard&Poors рейтингтік агенттігтер арқылы халықаралық несиелік рейтинг берілді, соның артынан еврооблигациялар шығарыла бастап, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуі байқалды.

1998 жылы Ұлттық Банк өзінің шектейтін ақша-несие саяаты мен қалқымалы бағам режиміндегі теңгенің айырбас бағамын реттеу іс-шараларын әрі қарай жалғастырды. Ұлттық Банк ақша базасын ресми пайыздық мөлшер, резервтік талаптар нормасын бегілеу, қысқа мерзімдік ноттар шығару, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операция және ішкі валюталық нарықта интервенциялар жасау арқылы реттеп отырды.

Банкілік депозиттердің пайыздық мөлшерлеріне қайта қаржыландыру мөлшерінің төмендеуі әсер етті, бұл да халық пен мекемелердің бос ақшаларының банкілік депозиттерге ағуына әкеп соқтырды.

1999 жылы әлемдік қаржылық нарықтарда кризистік құбылыстардың күшейюімен және Қазақстанның экспорттық тауардарының конъюнктурасы нашарлауымен Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттары қаржылық жүйені тұрақтандыру, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және банкілік жүйені күшейту болды.

Қаржылық нарықтарда глобальді өзгерулердің себебінен елдің төлем балансының нашарлауына әкеп соқтырды. Өзінің негативті ролін елдің шикізатқа бағытталуы себепкер болды. Жылдың аяғына қарай Ұлттық Банкінің жүргізген ақша-несие саясаты арқылы елдің қаржылық нарығында жағдай біршама дұрысталды.

2000 жылы Қазақстанның экономикасы сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты дамып осы жылы сәуір айында теңгенің еркін айырбас қалқымалы бағамы енгізілді. Бұл Қазақстанның экспортының өсуіне, өндірістің өсуіне әкеп соқтырды. Осы кезде шетел валютасының ұсынылуы өсіп, қаржылық нарықтың тұрақталуына әкелді. Ақша-несие саясатының мақсаты инфляцияның болдырмауы, ресми мөлшерлердің нақты минималды оң мәнде сақтау болды.

Несиелік саясаттың саласында қайта қаржыландырудың қосымща “терезелері” ашылды, яғни күндізгі қарыз бен “овернайт” қарыздары.

2002 жылы шетелдік сауда және қаржы нарықтарында және ішкі нарықта жалпы экономикалық жағдай жақсарды. Бұл жағдай Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты қаржылық жүйенің барлық сегменттерін күшейту мен тұрақтылықты сақтауға бағытталып, қаржылық нарыққа көпшіліктің жинақтарын тарту үшін жағдай жасалды. 2000 жылдың желтоқсанында тұрғын үй салу саласында ипотекалық несиелеуді дамыту үшін Қазақстан ипотекалық компания құрылды, негізгі қызметі екінші деңгейдегі банкілерді екінші нарықта ипотекалық облигацияларды орналастыра отырып қайта қаржыландыру.

2003 жылы бюджеттің әлемдік бағалардың өзгерісінен тәуелділігін төмендету және болашақ ұрпаққа қаржы қаражаттарының жиналуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры толыққанды жұмыс істей бастады, оған шикізат саласының кәсіпорындарының салық түсімдерінің бір бөлігі аударылады. Мемлекеттік инвестициялық іскерліктің тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның даму Банкісі құрылды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізуде өте қиын жолдардан өтті, алайда осы жүргізген тиімді саясатының арқасында еліміз қысқа уақыт мерзімде экономиканың құлдырау кезеңінен шыға алды десек те болады. Осы ақша-несие саясатының тарихын ескере отырып, негізгі принциптерін қолдана отырып тиімді басқару көптеген мәселелерді талқылауды қажет етеді.

Ақша-несие саясаты – монетаризм принциптеріне негізделіп фискалды саясатты толықтыра жүргізіліп экономикалық коньюнктураның жіңішке бағдаршысы болып табылады. Ақша-несие саясаты коммерциялық банкілерге тек жанама әсер ете алады және оларды несиелерін тікелей ұлғайту немесе азайтқыза алмайды.

Ақша-несие саясатын  негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді.

Ақша-несие саясатының негізгі тартушысы елдің орталық банкі екені түсінікті, ол қазіргі уақытта ақша-несиелік реттеудің төрт негізгі құралын өте белсенді пайдаланады: олар коммерциялық банкілерді қайта қаржыландыру көлемін реттеу, резервтік талаптар саясаты, ашық нарықтағы операциялар және несиелеуді шектеу.

Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.

Ақша-несие саясатының теориясы бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі – кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары бағалауды нақты қолдайды. Олардың арасындағы келіспеушілік әртүрлі методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің негізіндегі тиімділік туралы айтады.

Қазіргі ақша-несие саясаты көбінесе “ағымға қарсы жүзуді” көрсететін сияқты, ол депрессия кезінде іскерлік белсенділікті жандандыруға және коньюнктураның қызуын болдыртпау үшін экономикалық өсуді тұрақтандыруға бағытталады.

Осы мақсаттарға жету үшін ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану жеткілікті түрде өте жылдам нәтижелер береді. Алайда бұл нәтижелерді ешкім алдын-ала кепілдей алмайды, өйткені коммерциялық банкілердің қосымша резервтерінен босау кезінде ешкім оларды осы резервтерді қарыз беру үшін күштей алмайды.

Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі демократизациялануға  тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық банкі бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі әдістердің көмегімен реттейді.

Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды құрастыру жолымен әсер етуді айтады.

Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Дәл солай көптеген Европа елдерінде капиталдың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының түрақтылығын: оның еліміздегі сатып алушылық қабілетінің болуын және жетекші шетел валюталарына қатынасы бойынша бағамын камтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық Банкінің басты мақсаты инфляция деңгейін төмендету болып табылады, ол да әрине ақша массасының деңгейіне тәуелді болып табылады.

Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы міндеттерді орындау шеңберінде бір жағынан бағаның өсуін шектеу саясатын, екінші жағынан, жанама реттеу құралдарын пайдалана отырып, ақша ұсынысын кеңейту мақсатында ақша-несие саясатын бірте-бірте жұмсартуды жүзеге асыруға тиіс еді.

Ұлттық Банкінің тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген іс-қимылдары, реформалары алдын-ала талқыланып, шешілген шешімдер екені өзімізге белгілі. Алғашқы жылдардан бері қарай экономикада жақсы өзгерістер болғаны байқалады. Инфляцияның және қайта қаржыландыру мөлшерінің деңгейлері бірте-бірте төмен түсті.

Оған мысал кризис кезеңінде қаржы нарықтарында глобальді өзгерулердің себебінен елдің төлем балансының нашарлауына әкеп соқтырды. Өзінің негативті ролін елдің шикізатқа бағытталуы себепкер болды. Ұлттық Банкінің жүргізген ақша-несие саясаты арқылы елдің қаржылық нарығында жағдай біршама дұрысталды.

Ұлттық Банкінің қызметі дамыған экономикасы бар елдердің орталық банкілерінің қызметіне жақындатылды.

Жалпы қазіргі кезде Қазақстан экономикасының хал-ахуалы біршама жақсарғаннан кейін ақша-несие саясатын жүргізу жаңа дамыған деңгейге жетті. Ақша-несие саясатын жасауда жаңа құралдар мен механизмдер пайда болды. Осының барлығы елдің экономикасының тұрақталуында кішкене болса да әсер етті.

Біздің ойымызша Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру үшін осы жаңадан шығып жатқан құралдарды пайдаланып, оны әрі қарай кеңінен дамытып отыру керек. Еліміздің халық хал-ауқаты әр-түрлі деңгейде екені өзімізге белгілі, осы проблеманы шешу әрине қиынға соғады. Сондықтан да алдыңғы қатарлы, нарықтық экономикасы жоғары дамыған мемлекетке айналу үшін толыққанды, жан-жақты қарастырылған жұмыс жасау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. //Экономическое обозрение, май 1999 г., выпуск 2, Национальный банк РК. Я.А. Аубакиров В.А. Бахарев, И.В. Панченко, Е.К. Канатбаев «История развития денежно-кредитных отношений в Казахстане»
  2. //Егемен Қазақстан. 2002, 12 нарурыз. “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы”.
  3. //Егемен Қазақстан. 2005, 27 ақпан. “ҚҰБ-нің ақша-несие саясатының бағыттары”.
  4. //Егемен Қазақстан. 2005, 15 желтоқсан. ҚҰБ-нің 2006-2008 жылға ақша-несие саясатының бағыттары”.
  5. //Түркістан 2004, 11 наурыз. “Инфляция төмендеді, резервтер өсті”.
  6. //Түркістан 2004, 14 сәуір. “Ұлттық Банкінің саясаты ел мүддесін қорғай алды ма”.
  7. //Казахстанская Правда 2002, 24 апреля.
  8. //Казахстанская Правда 2002, 25 июня. “От активных реформ к этапу устойчивого развития”
  9. //Казахстанская Правда 2002, 17 января (с6) “Крепкий банк”.
  10. //Бухгалтер и налоги 2003, №1 (с 28-29).
  11. //Вестник НацБанка РК 2000, №10 (с 17-30). “Ставки учета за прошедший год”.
  12. //Панорама 2004, №6 (с7). “О чем думает Национальный Банк”.
  13. //Панорама 2002, 22 февраля (с7). “Лучшая банковская система в СНГ”.
  14. //Панорама 2005, 8 марта (с7). “Процентные ставки на 2005 год”.
  15. Рынок ценных бумаг 2004, №7 (с36-43). “Ноты используемые в денежно-кредитной политике”.
  16. Қазақстан Ұлттық Банкінің сайты

Похожие материалы