Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаласында 30 млрд теңгеге денсаулық сақтау қызметтері көрсетілген

Астана қаласында 30 млрд теңгеге денсаулық сақтау қызметтері көрсетілген

2015 жылдың алғашқы тоқсанында Астана қаласы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткен көмегінің көлемі 29 232 886 мың теңгені құрады. Бұл жөнінде Астана әкімдігінің сайтында жарияланды.

Көмектің басым бөлігі (72,9 пайызы) бюджеттің есебінен. 13,9 пайызы тұрғындардан түскен қаражаттан және 13,2 пайызы - кәсіпорындар есебінен көрсетілген. Денсаулық сақтау саласы көрсеткен қызметінің көлемі 28 693 803 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде 51,6 пайызы ауруханалық ұйымдардан құралған. Аталған ұйымдар тарапынан 14 803 030 мың теңгеге қызмет көрсетілген. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын мекемелер 5 609 662 мың теңгеге қызмет көрсеткен. Арнайы дәрігерлік тәжірибемен айналысатындар - 2 669 121 мың теңгеге, стаматологиялық қызметтегілер - 666 536 мың теңгеге және өзге де адам денсаулығын сақтау салалары - 4 945 454 мың теңгеге қызмет көрсеткен.

Похожие материалы