Экономика
Выбор редактора
Астанада 5 ай ішінде 7 354 жұмыс орны ашылды
Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2015 жылдың 1 маусымы күніндегі есеп бойынша 13,1 пайызға өсіп, 95 406 бірлікті құрады. Оның ішінде 26 061 заңды, 69 336 жеке және 9 шаруа қожалығы. Бұл жөнінде Астана әкімдігі хабарлайды.
2015 жылдың басынан бері елордада кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан 7 354 жұмыс орны ашылған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 889 адам жұмысқа орналасқан.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнесті өркендету үшін бірнеше жаңа құралдар ойластырып жатыр. Жаңа құралдардың ішінде баламалы несие кепілдері бар. Ол "Даму" қорының кепілдемелерін 50 пайызға дейін салалық және жергілікті шектеулерсіз бере алады. Сонымен бірге, бағдарлама бойынша кез келген салада бизнес ашып, дамыту үшін 70 пайыздық кепілдемемен франшиза алу мүмкіндігі де қарастырылған.