Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада LRT жақын арада іске қосылады

Астанада LRT жақын арада іске қосылады

Астана қаласында көптен күткен LRT жобасы жақын уақытта пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақ кезеңі іс жүзінде аяқталған, қазіргі таңда нысан толық іске қосуға дайын. Қазір инфрақұрылымды толық аяқтау және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жоба аясында ең алдымен барлық станцияларға кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жаз мезгілінде станцияларды қаланың көлік желісімен байланыстыратын кірме жолдар салу, көгалдандыру, заманауи жарықтандыру жүйелерін орнату және эстакада астын абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Бұл шаралар LRT бағыты бойында «жасыл дәліз» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Негізгі жұмыстардың бірі Нұрлы жол теміржол вокзалы бағытына қатысты. Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылынан вокзалға дейінгі учаскеде құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстар жалғасуда. Әкімдік мәліметінше, станциялар мен оларға апаратын жолдардың функционалдық дайындығы жақын арада толық аяқталады, ал ландшафтық-сәулеттік безендіру жаз соңына дейін жалғасады.

Бұдан бөлек, Шәмші Қалдаяқов көшесі бойындағы 4,6 шақырым жол учаскесінде құрылыс жүріп жатыр. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар салу, автотұрақтарды реттеу, жарықтандыру және көгалдандыру қарастырылған.

Қала билігі биыл «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі көлік қозғалысын кезең-кезеңімен ашуды жоспарлап отыр. Ал болашақта жолды С.Шаймерденов көшесі дейін ұзарту көзделген.

Жалпы, LRT-ның іске қосылуы елордадағы көлік жүйесін жеңілдетіп, қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар