Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанадағы LRT: сынақ кезінде пойыздар 80 км/сағ жылдамдыққа жетті

Астанадағы LRT: сынақ кезінде пойыздар 80 км/сағ жылдамдыққа жетті

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде сынақ жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта пойыздар «Әуежай» мен «Нұрлы жол» стансалары арасындағы бағытта тексерістен өтіп жатыр.

Сынақ барысында жылжымалы құрам жобада қарастырылған ең жоғары – сағатына 80 шақырым жылдамдыққа дейін жетіп, жүйенің техникалық талаптарға толық сәйкес келетіні дәлелденді.

Сонымен қатар, қозғалысты басқару, байланыс және дабыл беру жүйелері де кешенді түрде тексерілді. Мамандар олардың барлығы қалыпты режимде тұрақты жұмыс істейтінін растады.

Сала өкілдерінің айтуынша, мұндай сынақтар болашақта LRT желісінің қауіпсіз әрі үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Ұқсас материалдар