
Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Мәскеуде әйгілі "МММ" қаржы пирамидасын құрып, жарты әлемді шулатқан Сергей Мавроди қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды.
«МК» мәліметінше 1.00 шамасында Мавроди Поликарпов көшесіндегі автобус аялдамасынан ауруханаға жеткізілген. Әлсіреп, жүрек тұсының ауырсынғанын айтқан оған кездейсоқ жүргінші жедел жәрдем шақырып берген.
63 жастағы бизнесмен №67 қалалық ауруханаға жеткізілгенімен өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Айта кетейік, Сергей Мавроди 1992 жылы "МММ" компаниясын құрып, Ресей тарихындағы ең танымал, ірі қаржы пирамидасына айналады. Салымшылар саны күрт өскен соң, компания төлем жасаудан бас тартып, нәтижесінде 15 миллионға дейін адам зардап шегеді. 2007 жылы оны 4,5 жылға бас бостандығынан айырғанымен, бұл жазаны ол тергеу кезінде өтеп тастаған болып есептеледі. 2016 жылы ол жеке криптовалютасы- Mavro-ны іске қосқану туралы хабарлайды. Алғашқы айда-ақ 33 мың адам жобға қатысқан.