Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығына 228 млрд теңге инвестиция салынған

Ауыл шаруашылығына 228 млрд теңге инвестиция салынған
Астана. 21 қараша. 7kun.kz - Биылғы 11 айлық көрсеткіш бойынша ауыл шаруашылығының өнімділігі айтарлықтай өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. “Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі есепті кезеңде 3,4 трлн теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық” - деп атап өтті вице-министр. Оның айтуынша ауыл шаруашылығының инвестициясы 11 ай ішінде 228 млрд теңгені құрап, 48%-ға өскен. Ал өткен жылы дәл осы кезең ішінде инвестиция көлемі 148 млрд теңгені құраған. Биыл астық жинаудың жалпы көрсеткіші 23,7 млн тонна болды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 3 млн 900 мың тоннаға артық. Орташа өнімділік - бір гектардан 15,4 центр. Сондай-ақ, көкөніс 3,6 млн тоннаны құраса, бақша шаруашылығы 2,2 млн тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 511 мың тоннаға өскен. Ал орташа есеппен мал шаруашылығы 1,3%-ға, ет өндірісі 3,5%-ға және сүт өндірісі 3,1%-ға өсу жоспарланған.

Талшын ӨТЕПОВА "7"

Похожие материалы