Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 10 ел үшін визасыз режим орнатады

Қазақстан 10 ел үшін визасыз режим орнатады

Қазақстан тағы да 10 елмен визасыз режим орнатуды енгізбек. Бұл туралы инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

"Біз біржақты тәртіпте 10 мемлекет үшін визасыз режим енгіздік. Қазір тағы да 10 елмен осындай байланыс орнату мәселесі талқыланып жатыр", - деп хабарлады Ерлан Сағадиев қазақстандық-түркиялық бизнес-форумда. Оның сөзінше визалық режимдердің өзгеріске ұшырауы туристер мен инвесторлар көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.

"Қазір біз өтініп отырған елдердің ішінде еуропалық және көптеген азиялық мемлекеттер бар. Бұл сұраққа қатысты нақты шешім қабылданған жоқ, визасыз режим енгізілетін елдерді де әлі атай алмаймын",-деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық, 2014 жылдың 12  шілдесіндегі шетелдік инвесторлардың 27-ші отырысында Нұрсұлтан Назарбаев он елдің инвесторлары үшін бір жақты визасыз режимнің орнатылатындығын мәлімдеген еді.

Кейінірек Қазақстан үкіметі АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАЭ, Корея және Жапония тәрізді елдердің азаматтары үшін визасыз режим енгізу туралы қаулы қабылдады.

 

Похожие материалы