Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н. Назарбаев: Қазақстан дағдарысқа толықтай төтеп бере алады

Н. Назарбаев: Қазақстан дағдарысқа толықтай төтеп бере алады

Қазақстанның дағдарысқа төтеп беруге толықтай мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ел тағдыры - менің тағдырым" атты форум барысында айтып өтті.

Еліміздің дағдарысқа қарсы тұруға барлық мүмкіндіктері бар. "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде айтылған бес ұлттық реформалардың маңызын елбасы атап өтті. Соның ішінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемділігі, индустриализация және экономикалық өсім, транспареттілік пен есеп беруші мемлекет басты назарда.

Мемлекеттің басты міндеті -  еңбекке жарамды адамның жұмысы, жалақысы, тұрғын үйі мен болашаққа деген сенімділігінің болуы. «Бес реформа - елге, қарапайым халыққа керекті дүние. Мемлекет шағын және орта бизнеске, шаруа қожалықтарына көмектесетін болады. Бүгінде мықты әлеуметтік саясат жүргізілуде. Біз индустриаландыруды жалғастырып, еңбек өнімділігін арттырамыз. Жастар, зейнеткерлер мен мемлекеттік көмекке зәру адамдарды қолдаймыз. Мектептер мен емханалар, өзге де әлеуметтік нысандарды салуды жалғастырамыз», - деді елбасы.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан халықтар Ассамблеясының айнымастығының, достық пен толеранттылықтың болуы шарт. Шараға жиылған жастарға мемлекет басшысы Қазақстанда жан-жақты даму мен сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын айтты. «Бүгін сендерге қалған өмірлеріңе жетерліктей білім алуға мүмкіндік беріліп отыр. Отанды сүюге, оған қалтқысыз қызмет етуге шақырамын. Жақсы оқып, кәсіби маман болып, отбасыларыңды асырау арқылы қызмет ете аласыңдар», - деді Н. Назарбаев.

Похожие материалы