Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан дизель отынының бағасын реттеуден неге бас тартты?

Қазақстан дизель отынының бағасын реттеуден неге бас тартты?

Ресей мен Қырғызстанға тасымалданатын дизель отынының көбеюі салдарынан Қазақстан дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Бұл туралы 7kun.kz-ке ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов айтты.

Кеше яғни 8 тамыздан бастап мемлекет күні дизель бағасын реттеуден бас тартқан еді, бұдан кейін кейбір облыстарда бірден 125 теңгеге көтерілді. Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы уақыт өте баға тұрақталуы мүмкін дейді.

"Бізде шекара ашық болғандықтан еркін сауда жүріп жатыр. Осы себепті дизель отындары шет жаққа Ресейге және Қырғызстанға тасымалдануда. Мысалы Қырғызстанда дизель бағасы 160 теңгеден асады. Ресейде - 180 теңге. Осындай айырмашылық болғандықтан біз мемлекеттік реттеуді тоқтатып отырмыз", - дейді Асқар Жалдинов.

Дизель отынының бағасы бұған дейін 99 теңге деңгейінде реттелген болатын. Ведомство өкілінің сөзінше, егер мемлекеттік реттеу одан ары жалғаса беретін болса барлық дизель отыны шет жаққа кетіп, ішкі нарықтағы шикізаттың азаюына әсер етеді.

"Дизель отынының құны нарықтық бағамен белгіленетін болса сырт жаққа тасымал азаяды. Нарықта тұрақтылық болады. Мысалы былтырғы жылы министрлік бензин бағасын реттеуден бас тарқанда нарықтағы жағдайға байланысты баға көтерілді. Бірақ бірнеше күннен кейін баға тұрақталды. Дизель құны да алдағы уақытта 115 теңге деңгейінде реттеледі", - дейді ол.

Ал ауыл шаруашылығы саласындағы адамдарға тапсырыс бойынша дизель отынының литрі 79 теңгеден беріледі. Мұндай баға ауыл шаруашылығы саласындағы өкілдермен келісіп белгіленген.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Ресей мен Қырғызстанға қанша дизель отыны тасымалданғаны белгісіз. Шекара ашық болғандықтан мұны бақылау отыру мүмкін емес.

Похожие материалы