Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ТМД елдерінің нарығын жоғалтып жатыр

Қазақстан ТМД елдерінің нарығын жоғалтып жатыр

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы азық-түлік экспорты 20 пайызға азайып, 623 млн долларды құрады. Жалпы былтыр республикада азық-түлік тасымалы 2 пайызға ғана артқан. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік тауарларын өндірушілер экспорт көлемін арттыруға тырысып жатқанымен, өсу темпі әзірге баяу. 2016 жылы дәнді-дақылдар мен ұнның, еттің экспорты 1,2 млрд долларды құраған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштер небәрі 2 пайызға жоғары.

Естеріңізде болса, 2013-2015 жылдары Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің экспорты тұрақты түрде құлдыраған. Әсіресе 2015 жылы 25 пайызға азайып, ең аз көрсеткіш ретінде тіркелген еді.

Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылы экспорттың өсу бағаның біршама қымбаттауына ғана байланысты, сондықтан бұдан экспорттың аз да болса көбеюін көрудің қажеті жоқ.

2016 жылы экспорттың қысқаруына Өзбекстан (78 млн долларға азайған) мен Тәжікстанға (42 млн доллар) тауар тасымалының 20 пайызға азаюы әсер еткен.

 

Похожие материалы