Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 5 фармацевтикалық зауыттың құрылысы жүріп жатыр

Қазақстанда 5 фармацевтикалық зауыттың құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласында Екінші республикалық медицина қызметкерлерінің конгресі болып өтті. Конгреске әлемнің 4 елінен 500-ге жуық дәрігер қатысты. Оның ішінде - Қазақстан, Ресей, Украина мен Польша елдерінің жетекші мамандары жиналды.

Бұл кездесу жұмыс барысында инновациялық технологияларды пайдаланатындар үшін пікір алмасу алаңына айналды. Осымен екінші рет өткізіліп отырған конгрестің бастамашысы әрі ұйымдастырушы - "Химфарм" АҚ.

Конгрестің Шымкентте өтуінің басты себебі - осы жерде ең ірі фармацевтикалық зауыт орналасқан. Зауыт ғылыммен тығыз байланыста жұмыс жасап қана қоймай, өнімдерді коммерциялаумен де айналысады.

«1993 жылы елбасымыз 20 жылдан соң халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектердің 30%-ын шығаратын боламыз деген еді. Қазір, қарасаңыз, 37%-ын өндіріп жатырмыз», - дейді "Қазақстан ФармМедИндустрия"қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов. - Сонымен бірге, қазір 5 фармацевтикалық зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, республика бойынша тек дәрі-дәрмек шығарумен шектеліп қана қоймай, бахил, халат, шприцтерді де шығаратын 19 зауыт жұмыс істейді».

Похожие материалы