Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға өсті

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға өсті

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Есепті кезеңде алкогольді ішімдіктер - 10,4 пайыз, сүт өнімдері - 9,7 пайыз, кондитерлік өнімдер - 8,3 пайыз, балық және теңіз өнімдері - 8,2 пайыз, тоқаш және ұн өнімдері - 6,7 пайыз, жемістер мен көкөністер - 6,3 пайыз, кофе, шай және какао - 4,1 пайыз, макарон өнімдері - 1,9 пайыз, нан - 0,8 пайыз, ұн 0,6 пайызға қымбаттады, ал жармалардың бағасы - 19,1 пайыз, қант бағасы 15,1 пайызға төмендеді. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,5 пайызды құрады. Сиыр еті - 10,1 пайыз, жылқы еті және шұжық өнімдері - 8,5 пайыз, қой еті - 8,4 пайыз, шошқа еті - 8,1 пайыз, құс еті 3,5 пайызға қымбаттаған.

Похожие материалы